Еліміздегі Ассамблея орталықтары мемлекеттік деңгейде тойланатын мерекелердің барлығынан қалыс қалған емес. Осы орайда жақында мерекеге орай Ақмола облысының орыс қауымы ҚБ театралды студиясының өнерпаздары «Жеңімпаз-жауынгерлер даңқы» атты театрландырылған қойылымын көрермен назарына ұсынды. Қоғамдық келісім сарайының залы халыққа толы болды. Олардың арасында өңірдегі этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Көкшетау қаласының тұғындары мен қала қонақтары болды.
«Индира» кафесінің төрінде ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін Ақмола облысы өзбек ұлттық мәдени орталығының төрайымы Тажибуви Медетова жылы қарсы алды. Аталмыш орталық көптеген жылдар бойы ҰОС және тыл ардагерлеріне қамқорлық танытуға бағытталған іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп келеді. Биылғы жылғы ардагерлерге арналған кеш те ерекше өтті. Бұл кештің сәнін кіргізіп, ардагерлер алдында «Қоғамдық келісім» КММ вокалды және хореографиялық студияларының мүшері өз өнерлерін көрсетті.
«Истоки» мәдениет үйінде Ақмола облысының орыс қауымы ұйымдастырған «Русская песня» халық ансамбльінің концерті өтті. Барша халық аталмыш өнер ұжымы орындаған әндерге үздіксіз қол соғып, бірге қосылып ән шырқады. Бұл кештің де басты ұрандары бірлік, келісім және бейбітшілік сөздері болды.
9 мамыр күні Акмола облыстық ҚХА құрылымдарының қызметкерлерінен, облыстағы этномәдени бірлестіктердің өкілдерінен, ҚХАА жанындағы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының мүшелерінен құрылған делегация Көкшетау қаласындағы салтанатты іс-шара барысында «Мәңгілік алау» мемориалына гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.
Еркенұр Ерзия