Гүржістан мен Оңтүстік Осетия тартысы

Гүржістан мен Оңтүстік Осетия тартысы

Гүржістан – Оңтүстік Осетия жанжалы неден пайда болды?
Гүржістан – Оңтүстік Осетия жанжалы 80-жылдардың соңына таман тұтанды. Оның туындауының негізгі себебі осы өңірдегі ұлттық қозғалыстардың белсенділігінің күрт артып, этносаралық кикілжіңнің көрініс беруінде жатыр. Гүржістан әкімшілігі Оңтүстік Осетия аймағын өзінің бір бөлшегі деп біледі. Ал аймақтағы ұлттық қозғалыс иелері оны тәуелсіз мемлекет ретінде көргісі келді. Көп жылдар бойы жалғасқан кішігірім шиеленістер 2008 жылдың тамыз айында ушығып, іс  барысы насырға шапты. Оңтүстік Осетия аймағын тәуелсіздік үшін күресіп жүрген күштерден азат етуге бет алған Гүржістан әскері өздеріне қарсы шыққан Ресей әскерін жолықтырды. Мәскеу бұл қадамын Оңтүстік Осетияда жүрген азаматтарымыз бен қандастарымызды қорғау үшін жасалған әрекет деп түсіндірді. Ал Гүржістан әкімшілігі Ресейдің әрекетін мемлекеттің ішкі ісіне қол сұғу деп айыптады. Араға көп уақыт салмай Ресей ресми түрде Оңтүстік Осетияның тәуелсіздігін мойындады. Осы оқиғадан кейін Ресей мен Гүржістанның қарым-қатынасы өте ауыр деңгейде жалғасуда. Қазіргі кезде Оңтүстік Осетия әлемдік қауымдастық мойындамаған мемлекет ретінде жеке-дара өмір сүріп келеді.

Жанжалды реттеуге Қазақстанның үлесі
ЕҚЫҰ бақылаушылары «бес күндік соғыс» орын алғанға дейін де Оңтүстік Осетия аймағына тұрақты мониторинг жасаумен айналысып отырған болатын. Алайда қарулы қақтығыстан кейін бұл процесс уақытша тоқтап қалды. Ал еуропалық ұйымның төрағалығына Қазақстанның келуімен бұл мәселеге қайта жан бітті. Жалпы, әлемдік қауымдастық Оңтүстік Осетия шиеленісін реттеуді әу дегеннен-ақ Қазақстанның еншісіне қарай итерген-ді. Оның үстіне бұл мәселеде Гүржістан тарапы да қазақтардан көп үміт күтеді. Оны бірқатар кездесулердің барысында Тбилиси дипломаттарының өз ниеттерін ашық жеткізіп жатқаны дәлелдейді. Бұл туралы Гүржістан сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Налбандовтың «әрине, 2008 жылы ресейліктердің тарапынан жасалған агрессиядан кейін бұл аймақтың ахуалы бірден шешімін таба қояды деген ойдан аулақпыз, дегенмен Қазақстан тарапынан осы бағытта нақты қадамдар жасала бастады» дегені бар. Қазақстан ЕҚЫҰ тізгінін алғаннан кейін-ақ осы іске ден қоя бастады. Ақпан айында ұйым төрағасы Қанат Саудабаев Оңтүстік Кавказ аймағына сапары барысында Тбилисиге арнайы ат басын тіреген болатын. Ол Грузия сыртқы істер министрі Григол Вашадземен ашық және оңаша кездесулер өткізді. Өйткені бұл – Гүржістан үшін аса өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Бұл сапарда Қанат Саудабаев Грузия Парламентінде болып, Парламент төрағасы Давид Бакрадземен де жолықты. Сапар барысында келісілген жоспарлар мен Қазақстанның бітімгершілік миссиясы болашақта бұл жанжалды реттеу жолында өз жемісін беретініне сенім мол.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста