Әзiл-шыны аралас

Баяғыда екi жынды болыпты. Екеуi сөйлесiп отырып, бiрiншiсi екiншiсiне:
– Мына шегенi басыңа қағайын ба? – дептi.
– Жындысың ба, балға шегеге тимей, менiң басыма тиiп кетсе қайтесiң? – деген екен.

***
Бiр ауылда Рахматулла деген маскүнем болыпты. Iшiп алып, жұрттың бәрiнiң мазасын ала берген соң үйiндегiлер: «Сенiң аруағың бар, намаз оқып, дiндi ұстануың керек», – деп бiр дiндар танысына ертiп, жұма намазына мешiтке жiбередi. Сөйтiп, жұрттың бәрi намаз оқып, ол оқығансымақ болады. Жанындағы көршiсi оған бұрылып: «Ассалаумағалейкум, Рахматулла!» – десе, ол: «Уағалейкумассалам, Серiкбай!» – десе керек.
***
Аң патшасы арыстан бiр орманды жекешелендiрiп алады. Сосын барлық жерге еуроремонт жүргiзедi. Тiптi еуропалық үлгiде әжетхана салдырып, iшiне клиенттерге көңiлдi болсын деп музыкалық орталық қойып, оны қоянға басқартып қояды. Бiр күнi арыстан бәрiн аралап келе жатса, қоянды бiр қасқыр төмпештеп жатыр екен. Содан арыстан: «Не болды?» – деп жөн сұрайды. Сонда қасқыр қоянның үстiнен шағым жасайды.
– Ареке, сiз өте дұрыс iстедiңiз. Алайда мен қашан әжетханаға кiрсем болды, қояныңыз аңдардың әнұранын қойып қояды. Сол үшiн аяғымыздан тiк тұруға мәжбүрмiз.

***
Маскүнем әкесiне өкпелеп жүрген баласы:
–    Әке,сенен ит жақсы, – деп ренiшiн бiлдiрiптi.
Әкесi:
– Неге олай деп айтасың? – десе,баласы: «Өйткенi ит арақ iшпейдi», – деп жауап берiптi.

***
Елiмiздегi бiр iрi компания Семей полигоны болған жерге темекi өсiрiп, жыл соңында жақсы өнiм алады. Сол өнiмнен шыққан темекi қорабының сыртына былай деп жазыпты:
«Темекi шегу сiздiң денсаулығыңызға зиян екендiгiн соңғы рет ескертедi».
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста