Бір еркек дәрігердің қабылдауына келіп:
– Сәлеметсіз бе! Мен өткен аптада сізде болып едім.
– Есімде жоқ. Шешініңіз...
Әлгі еркек шешіне бастағанда дәрігер:
– А-а... Енді таныдым! Қалыңыз қалай?
***
Екі жігіттің әңгімесінен:
– Менің қызым ұялы телефон сияқты.
– Әрдайым өзіңмен бірге жүре ме, сонда?
– Жоқ, керісінше, ақша таусылғанда менімен сөйлеспей қояды.
***
Әйелі мен күйеуі дүкен аралап жүр:
– Қарашы, мынау бір керемет торт екен. Осыны алайықшы!
– Жаным, мұндай тортты үйде өзің-ақ пісірмейсің бе?
– Үйде ұн таусылған, оның үстіне тортқа қосатын эмульгатор, лицетин, натрии глютоматы, Е-512 дегендерді қайдан табасың?
***
Режиссер драматургке:
– Мен сіздің пьесаңызды қоймаймын!
– Неге?
– Мен боқтық сөздерді ұнатпаймын.
– Менің шығармамда ондай сөздер жоқ қой.
– Әрине, пьесаңызда жаман сөздер жоқ. Алайда боқтық сөздер зал жақтан көп айтыла ма деп қорқамын.
Әзіл-шыны аралас
Последние статьи автора