Екі еркектің әңгімесінен:
– Кеше саған әйелің не үшін ашуланды?
– Кітапхана үшін.
– Кітап оқып жүрген сендей еркектен айналып кетейін! Қайта қуанбай ма?
– Бірақ мен онда кітапханашы қызбен ұсталып қалдым емес пе?
***
Екі әйелдің әңгімесінен:
– Күйеуіңді ешқашан сән үлгілерін көрсететін жерге ертіп апарма.
– Онда тұрған не бар?
– Бұл екі жаққа да тиімсіз. Күйеуің жас қыздар туралы ойға кетсе, сенің ойың жаңа көйлектерге кетеді.
***
Ерлі-зайыптылардың әңгімесінен:
– Жаным, саған су жаңа көлік әперейін бе?
– Жоқ. Керек емес.
– Үлбіреген жаңа тон кигің келмей ме?
– Қажеті жоқ.
– Әлде Дубайға демалысқа барайық па?
–Айттым ғой керек емес деп.
– Сонда саған не керек?
– Ажырассақ, дұрыс болар еді.
– Басқа бірдеңе айтшы, ажырасу маған қымбатқа түседі.
Әзіл-шыны аралас
Последние статьи автора