Маи қызметкері көлікті тоқтатып, жүргізушіге:
– Мына жерден бұрылуға болмайды!
– Күнде бұрылып жүрген жерім ғой бұл.
– Болмайды дегенді қалай түсінбейсің? Айып төлейсің.
– Басеке, мұнда «бұрылуға болмайды» деген белгі жоқ қой.
– Басты қатырмашы, бауырым, маған «срочно» 5000 теңге керек болып тұр еді...
***
Құрбылардың әңгімесінен:
– Кеше бір жігітпен таныстым, керемет көлігі бар екен.
– Аты кім?
– Лексус.
***
Сот залында:
– Айыпталушы, сіз әріптесіңіздің бетіне су шашып жібергеніңізді растап, істеген ісіңізге өкінбейсіз бе?
– Өкінетін несі бар, ол су бәрібір мұз болып қатып қалған болатын.
***
Дәрігерлер кеңесінде:
– Соңғы жартыжылдықта жасаған операцияларымыз сәтті өткен сияқты. Осы уақытқа дейін бірде-бір емделушіден шағым түскен емес. Мұны моргтағылар да растап отыр.
Әзіл-шыны аралас
Последние статьи автора