Тігінші тапсырыс берген еркекке:
– Сіз бойдақсыз ба, әлде үйленгенсіз бе?
– Үйленгенмін.
– Онда шалбарыңыздың ішіне құпия қалта тігіп берейін...
***
Психологиялық тест:
«Егер де сіз бүгін сол аяғыңыздан тұрсаңыз, бұл – сіздің күніңіз емес. Егер сіз оң аяғыңыздан тұрсаңыз, онда бұл – сіздің күніңіз. Ал егер де сіз таңертең мүлде тұра алмай жатсаңыз, онда кешегі күннің жақсы өткені».
***
Қалалық екі құрбының әңгімесінен:
– Білесің бе, бір кеудеше тоқу үшін екі қой керек екен.
– Олардың да қолынан бірдеңе келе ме?
***
Екі жігіттің әңгімесінен:
– Осы 8 Наурыз мерекесін кім ойлап тапқан?
– Клара Цеткин деген әйел.
– Ол не гүл сатумен айналысқан ба?
Әзіл-шыны аралас
Последние статьи автора