Дүкенде:
– Алма бар ма?
– Жоқ.
– Қашан болады?
– Білмеймін, баласын қарайтын адам табылса, жұмысқа шыға беремін деген...
***
Кезекті еңбек демалысына шыққан бұрынғы МАИ, қазіргі әмбебап полиция қызметкері ала таяғымен жол бойында тұрады. Оны көрген әріптесі:
– Сен демалыста емессің бе?
– Әдет болып кеткен ғой...
***
Білгім келген бір сұрақ:
– Үлескер байлар неге қит етсе аштық жариялай береді?
– Олар сөйтіп асқазандарын демалдырып алатын шығар...
***
Емханада:
– Дәрігер, сіз өзіңіз де осы емханада емделесіз бе?
– Жоқ, бұл жер өте қымбат...
Алматтың әзілдері
Последние статьи автора