Баласы әкесіне:
– Әке, циркке барайықшы.
– Онда не бар?
– Жартылай жалаңаш тәтелер жолбарыспен өнер көрсетеді екен...
– Шынында да, жолбарыс көрмегелі көп болды, барсақ барайық...
***
Немересі әжесіне:
– Әже, маған да өзіңіздікі сияқты алынып-салынатын тіс жасатып беріңізші.
– Саған оның қажеті жоқ қой.
– Қайта жақсы емес пе, тісің құрттамайды...
***
Әйелі терезеге қарап түрып:
– Биыл қыс қатты болып, қар қалың жауса екен.
Күйеуі:
– Оның несі жақсы?
– Былтыр қыс жылы болып, дубленкамды бір-екі-ақ рет киіп едім...
***
Бастығы орынбасарына:
– Жұмысқа төбе көрсету үшін ғана келетіндерді қалай жазалауға болады?
– Өзіңізді өзіңіз қалай жазаламақшысыз?..
Алматтың әзілдері
Последние статьи автора