Екі баланың әңгімесінен:
– Наурыз мерекесі қарсаңында қалың қар жауғаны жақсы болды.
– Неге?
– Жаңа жылда жасай алмаған аққаланы енді жасауға болады.
***
Ауа райын болжау орталығының хабарламасынан:
«Құрметті халайық. Қазір Наурыз мерекесіне орай табиғи акция өтуде. Үш ай қысқа шыдасаңыздар, төртіншісі – тегін!»
***
Жатақхана кіреберісіндегі хабарландыру:
«Күшігім жоғалды. Тауып берген студентке сыйақымды беремін..»
Осыны оқып тұрған екі студент:
– Оны тамаққа қосып жегенше, сыйақысын ала салу керек пе еді...
***
Емханада:
– Дәрігер, кейінгі кезде ешкімге сенбейтін болып жүрмін.
– Ертеңнен бастап қабылдауыма жазылыңыз, емдейміз.
– Бетіңіз шімірікпей сіз де өтірік айтады екенсіз. Сенбеймін!
Алматтың әзілдері
Последние статьи автора