Тәртіп сақшысы қызмет бабында:
– Бірінші, бірінші! Мен екіншімін! Базар маңында төбелес болып жатыр! Көмек керек, әйтпесе олар қашып кетеді!
– Ұялы телефонға түсіріп ал да кете бер, ертең ұстап аламыз.
***
Дәрігер науқасқа:
– Арақ-шарапқа, темекіге өз денсаулығыңызды беріп жүр екенсіз.
– Денсаулықты қойыңызшы, қанша ақшам кетті...
***
Тұжырым:
Әлемде өтіріктің үш түрі бар:
1. Көзіңді бақырайтып тұрып айтылатын өтірік.
2. Беті бүлк етпейтін өтірік.
3. Статистика.
***
Театр залындағы шыға беріс есіктің маңындағы орында үсті-басы алба-жұлба, шашы дода-дода, көзі көгерген, киімінің жағасы жыртылған, түймелері үзілген бір жігіт отыр. Оның қасына театр қызметкерлерінің бірі келіп:
– Билетіңізді көрсетіңіз, – дейді.
Жігіт умаждалған бір жапырақ қағазды көрсетеді. Тексеруші қыз:
– Сіздің орныңыз балконда екен ғой, мұнда неғып отырсыз?
– Осында отыра берейінші, қарындас, тағы да құлап кетсем...
Алматтың әзілдері
Последние статьи автора