Алматтың әзілдері
Мағынасы майысқан мақалдар:
«Ит ғарышта да иттігін істейді»
«Протон» – құлау үшін жаралған»
«Байқоңырға барсаң – ғарышкермін деме,
Алматыға барсаң – үлескермін деме».
***
Жындыханада:
– Дәрігер, менің қасымдағы кісі маған орындығын лақтырып жіберді.
– Сен оған өзіңдікін лақтыр!
***
Жол полицейі көлікті тоқтатып жатыр.
– «60» деген белгіні көрдіңіз бе?
– Көрдім.
– Онда несіне жылдамдықты 600 теңгеге асырдыңыз?
***
Ағылшынның әйелдері «ай лав ю» деп, бір бала табады. Орыстың әйелдері «я люблю тебя» деп, әрі кетсе, екі бала тауып береді. Қазақтың әйелдері «әрі жатшы, әрі жатшы» деп, «Алтын алқа» иегері атанады.
***
– Хатшы қыздардың жақсысы мен өте жақсысын қалай айыруға болады?
– Жақсы хатшы: «Қайырлы таң, кіріңіз!» – дейді, ал өте жақсы хатшы: «Таң атты, тұрыңыз!» – дейді.