Қожанасырдың жұмыссыз жүргенін көрген падишаһ:
– Бүгіннен бастап менің аспаздарымның бастығы бол, – дейді.
– Құп болады, тақсыр! – дейді Қожанасыр.
Бірнеше ай өткен соң, падишаһ оны шақыртады. Қожанасыр домаланып семірген.
– Үйіңіздің есігі сізге көп ұзамай тар бола ма деп қорқамын, – дейді падишаһ.
– Тақсыр, есік уайым бола қоймас, оны кеңейтуге болады ғой, тек мен сізден үлкен үй сұраймын ба деп жүрмін, – депті Қожанасыр.
***
Бір мекеме бастығы көмекшісін күнде газет сататын дүңгіршекке жұмсап, «Алаш айнасын» алдыртады екен. Бір жыл бойы бұған үнсіз төзіп жүрген әлгі көмекшінің ақыры шыдамы таусылып, бір күні бастығына:
– Басеке, аптасына бес рет мені жұмсағанша, тынышынан бір жылға жазыла салмайсыз ба, – деген екен.
***
8 наурыз мерекесінен соң. Екі еркектің әңгімесінен:
– Сен әйеліңді құттықтадың ба?
– Немене, бүгін тағы 8 наурыз ба?
Алматтың әзілдері
Последние статьи автора