Әйелі күйеуіне телефон шалып тұр:
– Жаным, қайда жүрсің?
– Жұмыстамын.
– Өтірік айтпа, жұмысыңа хабарлассам жоқ екенсің.
– Онда жолда келе жатқан шығармын...
***
Екі студент ойланып, үнсіз отыр:
– Сен не ойлап отырсың?
– Сен не ойласаң, мен де соны ойлап отырмын.
– Өй, сен жылқының етін жемеуші едің ғой...
***
Сот залында:
– Сонымен сіздің сыбайласыңыз кім болды?
– Мен қылмыскер болсам да, туған ағамды ешуақытта сатпаймын.
***
Бір кемпір құмалақ ашып отыр:
– Сен 40 жасқа дейін ақшадан таршылық көретін боласың.
– Одан кейін не болады?
– Одан кейін үйреніп кетесің...
Алматтың әзілдері
Последние статьи автора