Қарашаның 6-сы
Туған күн иелері
Едіге Жолдасов (1953) – «Құрманғазы Петролеум» ЖШС бас директоры;
Мұрат Рамазанов (1954) – «Уранэнерго» ЖШС бас директоры;
Жамиға Таңатарова (1960) – Атырау мемлекеттік университеті ректорының кеңесшісі, тарих ғылымының докторы, профессор;
Тілеухан Әбілдаев (1962) – медицина ғылымының докторы, профессор;
Сергей Нұртаев (1974) – Қазақстанның Грекиядағы төтенше және өкілетті елшісі;
Гүлжан Көшерова (1974) – «Алаш айнасы» газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі;
Мейрамғали Мұханбетқалиев (1979) – «ҚМГ Алатау» ЖШС атқарушы директоры.
Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып,
мәртебелеріңіз арта берсін!
«Алаш айнасы»
Белгілі есімнің белгісіз сыры
ЖАМИҒАН – таза араби есім. «Жами» сөзі екі мағына береді. Оның бірінде «жинаушы», «ұйытушы», «қосушы» дегенді білдірсе, екіншісінде «бүтін» деген мағынаға ие. Ал «хан» сөзі арабшада да, қазақшада да «мемлекет басшысы», «патша» дегенді білдірсе керек. Қазақшада «жамиған» болып айтылатын бұл сөздің негізгі атауы – «джамихан». Ел ішінде өте сирек кездесетін есім.