Құрбан айттың бір күні

Құрбан айттың бір күні

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзінің хадистерінде «Адам баласы Құрбан айт күні қан шығарудан (құрбандық шалу) абзал амал арқылы Алла тағалаға жақын болған емес. Құрбандық ретінде шалған малы қиямет күні мүйіздері, тұяқтары және жүндерімен келеді. Ағызылған қан жерге тамбай тұрып Алла тағаланың құзырында ерекше жоғары дәрежеге жетеді. Сондықтан да шын жүректен әрі ризашылықпен құрбандарыңды шалыңдар» деген. Бүгін – барша мұсылман асыға күткен қасиетті Құрбан айт. Осы мейрам қалай басталып, қандай рәсімдермен жалғасын тауып, қалай түйінделуге тиіс екенін нақты білмейтіндер де бар. Солар үшін біз әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің PhD докторы, белгілі теолог Ершат Оңғаровпен кеңесе отырып, күннің кестесін тізуді ұйғардық.
Құрбан айт неден басталады?
Құрбан айт дегенде мұсылман бала­сы­ның жыл бойы күтетін рәсімі,  ол – Құрбан айт намазы. Айт намазы екі рәкат, әдетте Күн көкжиектен най­за бойындай көтеріл­ген­де жамағат­пен оқылады. Алматы уақы­ты бойын­ша бұл биыл таңғы сағат 8.30-ға дәл ке­леді екен. Сондықтан барша мұсыл­ман бұл мейрамды таң рауандап ат­қан­нан мешітке барып, намаз оқудан бас­тайды. Бұл туралы Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадис­те­рінде: «бүгінде бірінші істелетін амалы­мыз – намаз оқу, содан кейін үйге келіп, құр­бандық шалу», – дейді. Ал жалпы Құр­бан айт­тың мерзімі айттың алғашқы күнгі Күн шыққан кездегі айт намазынан бас­тап, айт­тың үшінші күні Күн бат­қанға дейін жал­ғасады. Құрбандық ша­лу рәсімі де осы ара­лықта өтеді. Қан­ша құрбандық шала­мын десе де, шек­теу жоқ, ал құрбандықтың ең кіші мөл­шері – бір жасар қой. Тек жылқы шалу­ға болмайды, себебі мұсыл­мандар үшін ол қастерлі.
Құрбан шаларда не айту керек?
Құранның Хаж сүресінде: «Олар­дың құрбан малдарының еттері де, қаны да Алла тағалаға жетпейді, бір­ақ оған сен­дер­дің тақуалықтарың ғана жетеді», – дей­ді. Сондықтан құр­бан шалу кезінде ең алды­мен ниет ма­ңызды. Құран сүрелерін, мыса­лы, Әнғам сүресінің 162-163 аятта­рын оқыса, тіпті жақсы. Онда Алла тағала: «Ей, Мұхаммед, былай де: «Менің намазым да, түрлі ғибадаттарым да, өмірім мен өлі­мім де әлемдердің раббысы Аллаға тән. Оның серігі жоқ. Маған айтылған бұйрық – осы. Оған алғашқы болып бас иген де мен­­мін», – деген. Осы аяттар оқыл­ған­нан кейін немесе бұл аяттар мен дұғаларды біл­месе, «иә, Алла таға­лам, досың Ибра­һим, сүйіктің Мұ­хам­медтен (с.ғ.с.) қабыл алғаныңдай менен де қабыл ала гөр!» деп дұға оқуға болады. Кейіннен «Аллаһу акбар!» және «Лә иләһа Иллаллаһ» деп малды бауыздау керек. Ал со­йыл­ған мал­дың бір бөлігін мұқтаж­дар­ға таратып, екін­ші бөлігін өз отба­сы­на қалдырса, қалған үшін­ші бөлігін туыс­тарына арнап ас жасап, ша­қырса бо­лады.
Тазалықтың сауабы құрбан шалғанмен тең
Абдуллаһ ибн Амр ибнул-Астың (р.а.) айтуынша, бірде Пайғамбары­мыз (с.ғ.с.): «Құрбан (айт) күнін ме­р­е­ке ретінде атап өтуге маған бұйрық келді. Бұл күнді Алла тұтас үмбет үшін мереке қылды», – деді. Осы кезде бір кісі: «Уа, Алланың Елшісі! Мен­де ел­дің аманат ретінде табыстаған ма­лы­нан басқа мал жоқ, сол малдан ба­уыз­­дауыма бола ма?» – деп сұрады. Оның құрбан шалуға жағдайы жоқ­тығын ұққан Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Жоқ, шаш-тырнағыңды қысқартып, мұр­тыңды алып, ұятты жердің түгін қы­рынғаның да жет­кілікті. Бұл Алла есе­бінде сен үшін құр­бандық шалған­мен тең», – деді.
Ренжіскендер табысып, ауырғанның көңілін сұрау абзал
Намаз оқылып, құрбан шалумен қатар, айттың адамдарға сыйлайтын тағы бір қуа­нышы – көрісу, жүздесу, аман-саулық сұра­су. Сол себепті айт күн­дері мұсылмандардың көптен көр­меген ата-ана, туыс-бауыр, дос­тары­на, «айт құтты болсын» айтуымен жал­­­ғасқаны абзал. Мейлінше көте­рің­кі кө­ңіл күйде, жылы жүзді, кеші­рім­ді болып, рен­жіскендердің табыс­қа­ны жөн. Ауырып жат­қан кісілердің көңілін сұрап, жетім-жесір, мұң-мұқтаждарға қол ұшын беріп, оларға да айттың қуанышын сездіру өте са­уап­ты істерге жатады. Қайтыс бол­ған­дар­ға Құран бағыштап, тіпті кезін­де құрбан шала алмаған болар деп, қайтыс болған аға­йын-туыс, ата-бабалардың атынан да құр­бан ша­луға рұқсат етіледі. Бірақ ол әуелі өз атынан құрбан шалғаннан кейін ғана ша­лынуы тиіс. Сондай-ақ бұл күндері мұ­сылмандардың әке-ше­ше­сіне, отба­сын­дағы жандарға, көр­ші-қолаң, жора-жолдастарға кі­ші­гірім болса да сый-сыяпат жасап, айт мейрамын ерекше өткізуіне де бо­лады. Бұл қоғамдағы адам­дар­дың бір-біріне деген жылылық­тары мен сый­ласымдылықтарын барын­ша арт­тырады.

Түйін: Мінекей, бауырлар, айттың алғышарттары осындай. Ендеше Алла разылығы үшін шалған құрбандықтарыңыз қабыл болып, үш күніңіз сауапқа толы өтсін!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста