Ғылыми қорда инновациялық жобалар жүзеге асырыла бастады

Ғылыми қорда инновациялық жобалар жүзеге асырыла бастады

Қазақстан ғылымды дамытуға ден қойып жатыр. Биыл Ғылыми-қорда 96 инновациялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Ал ең негізгісі – жобаларды нарыққа шығару ісі технологиялық брокерлерге міндеттеледі.

Бұл мамандық отандық еңбек нарығында аса танымал емес. Десе де технологиялық брокерлерсіз жұмыс процесі тұралап қалады.

ӘНУАРБЕК СҰЛТАНҒАЗИН, ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМ ҚОРЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: - Біз осындай брокерлік іс-шара өткізгіміз келеді. Себебі осы арқылы әр жоба көпшілікке танылады. Кәсіпкерлер өз өнімдерін көрсете алады.

Технологиялық брокер – ғылым мен бизнесті өзара байланыстыратын арадағы делдал. Ғалымдар идеяны іс жүзінде жүзеге асырса, ал бизнесті оңтайландыруға, жобаға жан бітіріп, өндірісте тиімді пайдалануға көмектеседі. Жанболат Қаналин – бұл міндетті үлкен жауапкершілікпен, мүлтіксіз атқарушылардың бірі.

ЖАНБОЛАТ ҚАНАЛИН, ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БРОКЕР: - Біздің әрқайсымыздың өз ерекшелігіміз бен үйренген дағдымыз бар. Біреулері бизнес саласында еңбек етсе, енді кейбіреулері ғылымда жұмыс істейді. Бізде инвесторлар мен сарапшылардың байланыс базасы мен жоба қоры бар. Егер жоба нарықта жоғары сұраныста болса, бизнесте қажеттілік туындаса біз араларына арнайы көпір боламыз. Ал ғылыми жағынан алар болсақ, барлық қажет құжаттарды дер кезінде жинақтауға септігімізді тигіземіз.

Бүгінде астаналық технологиялық брокерлер 8 жобамен айналысады. Атап айтсақ, мал азығын дайындайтын және құнарлы топырақ әзірлейтін арнайы жобалар бар. Ал тың идеяларды қолданысқа енгізу барысында Қарағандыда «ақылды» жарықтандыру жүйесі іске қосылды. Жаңа инновация жарықтандыру жүйесін реттеп, лампаның энергияны тиімді пайдалануына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жарықтандыру жүйесінде қандай да бір ақау болып, құрылғы істен шықса алдын-ала хабардар етеді.

СЕЙДАМЕТ СҮЛЕЙМЕНОВ, ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ: - Жобаны үйлестіру барысында жеңіл әрі қарапайым жолдарды қарастырамыз. Дәлірек айтар болсақ, біз веб-интерфейсті, бұлтты технолгияны қолданамыз. Барлық шамды бір ғана командамен басқаратын смарт- желіні пайдаланамыз.

Заманның сұранысына қарай бүгінде технологиялық брокерлерге сұраныс жоғары. Қазақстанда сирек кездесетін мамандықты игерген бар-жоғы сегіз маман бар. Білім министрлігінің мәліметінше, ғылым мен кәсіптің болашағы – технологиялық брокерлерге мүдделі. Олар нарыққа жаңа өнім әкеледі, әлеуеті жоғары технологиялық жобаларды іздеп, іріктейді, ғылыми жұмыстарды сараптайды.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста