Тұтқында болған шығысқазақстандық боздақтардың суреттері табылды

Тұтқында болған шығысқазақстандық боздақтардың суреттері табылды

Облыстық «Дидар» газетінде нацистік лагерьлерде тұтқында жүріп қаза тапқан шығысқазақстандық боздақтардың тізімі жарияланып жатыр. Редакцияға келіп түскен тізімге қарап отырып біз ғаламтор көмегі арқылы бірнеше боздақтың концлагерьде түскен соңғы суреттерін тауып алдық.
Сол кезде әскерге алынып жатқан азаматтардың тым көптігінен бе, әлде құжат толтырып отырған военкоматтағылардың сауатсыздығынан ба, әйтеуір тізімдегілердің аты-жөндері түгелдей дерлік қате жазылған. Кейбіреуін шамалап, қайсыбірін болжап келтіріп дегендей, әйтеуір тізімдегі түсініксіз есімдерді қазақшалап алудың өзі оңай болмады. Түлкібайды Тулковай, Жарқынбайды Яркинвей деп жазған тізімдегі көп есімдер мүлдем түсініксіз
Ғаламтор көмегіне жүгіне отырып, біз тізімдегі боздақтардың әрқайсысы жөніндегі ақпараттарды сүзгіден өткіздік, архивтерді ақтардық. Таңғалатын дүние — сол кездегі фашистік Германияның суретке түсіру технологиясының дамығандығы. Қатардағы жауынгерлерді айтпағанда өлімге айдалып бара жатқан тұтқындарды суретке түсіріп, олардың саусақтарының таңбасын алып қалу дегеніңіз жау болса да жеке адамның тарихына жауапкершілікпен қарау екені анық.
Фотосуреттер сол кездің деңгейі үшін өте сапалы. Адамның бет нобайын ғана емес, көңіл күйін де анық беріп тұр. Сіздердің назарларыңызға туыстары, үрім-бұтағы табылып қалар деген үмітпен суреттері табылған бірнеше боздақтың аты-жөндерін ұсынамыз.


Байбосынов Тілеубай (тізімде Байвусунт Тлувай деп жазылған, латын әріптерімен Baiwussunt ) 1900 жылы туылған, әскерге Көкпекті ауданы, Петропавловка ауылынан алынған. Тұтқынға 1943 жылы түсіп, 1944 жылы шталаг VIII F (318) лагерінде қайтыс болған. Жұбайының есімі — Кәмила.

 

Берліғожанов Қожахмет – 1900 жылы туылған. Карточкадағы жазудан түсінгеніміз – әскерге сол кездегі Семей облысы, Абыралы ауданының 4-ші ауылынан алынған. Жұбайының есімі – Умара деп жазылыпты (басқаша болуы да мүмкін). 1942 жылы тұтқынға алынып, сол жылы шталаг IV B лагерінде қаза болған.

 

Жақиянов Қонысбек – 1905 жылы туылған. Жеке дерегінде сол кездегі Семей облысы, Ақсуат ауданы, Алғабас ауылынан деп жазылыпты. Туысының есімі Дайырбеков Жолымбек немесе Уәлибек ( түсініксіз жазылған). 1943 жылы шталаг IV B лагерінде көз жұмған.

 

Атақанов Уәлжан – карточкасындағы есімі Вальджан. 1907 жылы туылған. Деректерге сүйенсек, Шығыс Қазақстан облысы, Бұқтырма ауданы, Маладск деп жазылған (қазіргі Ұлан ауданындағы Манат ауылы болуы мүмкін). 1942 жылы Қырымда тұтқынға түсіп, 1944 жылы лагерьде өлген.

 

Белгібаев Қисымбай Әмірбекұлы (Қызымбай немесе Қысымбай болуы мүмкін. Карточкасында Kisimbai деп жазылыпты). 1916 жылы туылған. Әскерге шақырылған жері — Семей қаласы, Калинин ауданы. Тұтқынға 1941 жылдың 26-маусымында, Брест қамалында түсіп, 1944 жылы лагерьде қайтыс болған.

 

Женесов Қабдолла (немістер — Dshenesub, орыстар – Дженезуб деп жазған. Фамилиясы нақты емес). 1920 жылы туылған. Әскерге Семей облысы, Аягөз ауданы, Ақшәулі ауылының Карл Маркс колхозынан шақырылған. Тұтқынға 1941 жылдың тамыз айында Смоленск түбінде түсіп, 1942 жылы лагерьде қайтыс болған.



Құжаттар obd-memorial.ru сайтынан алынды
Дарын Нұрсапаров
ozgeshe.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста