Қазақтарды шоқындырып жібермекші болған

Қазақтарды шоқындырып жібермекші болған

Өткен ғасырдың басында Ресей Қазақ елін әскери, саяси және экономикалық тұрғыдан отарлап қана қоймай, қасіреті одан да зор орыстандыру саясатын көздеді. Озбыр күш қазақты тілінен, дәстүрінен, дінінен, ділінен айырып, тегіс шоқындырып жіберуді мақсат тұтты.
Ол үшін ұлтымыздың сүт бетіне шыққан қаймақтарын өз жақтарына тартуға, дала халқына солар арқылы билік жүргізуге тырысты. Бірақ, олардың сұм ойы бола қойған жоқ. Отарлаушылардың сасық пиғылын айнытпай таныған және соған барынша қарсы тұрған Алаш арыстарын енді қуғын-сүргінге ұшыратып, түбегейлі жойып жіберуге тырысты. Әлдебір деректер бойынша, 2 мыңға тарта алаштықтардан тек екеуі – Әлімхан Ермеков пен Мұхтар Әуезовтың ғана ату жазасына ілінбей, өз өлімдерімен өлуі соның айғағы. Онда да Әлімхан өмірінің 18 жылын лагерьлерде өткізуі, Мұхаңның өмір бойы басы саудада жүруі, Кеңес үкіметінің Алаш Ордаға қаншалықты өшіккенін дәлелдеп тұр...
Мұнан соң, қазақ арасына мектеп ашып, орыс тілін үйретіп, ел ішінен шыққан шолақ белсенділер арқылы «орыстың тілін, дәстүрін, дінін, рухын...», жалпы заты орыстық сананың бәрін сіңіруге тырысты. Бұл мақсатқа миссионерлерді көптеп тартты.
Орыстандыру саясатының стратегиясы бойынша «Ресейдің болашағы бұратана халықтардың қаншалықты орыстанғанына байланысты» [1, б.140]. Осы мақсатпен орыстандыруға бөгет болады деген ниетпен жергілікті жерлердегі мешіт-медіреселерді жапты. «1908 жылы Түркістан генерал-губернаторлығы аумағындағы 268 медресенің 1916 жылы 182-сі қалды» [2, б.18].
Миссионерлер «бұратаналардың бойына христиан шындығын сіңіру арқылы ұлы орыс халқымен теңесуге шақырды» [3, б.41]. Орыс тілінде дәріс беретін мектептерді осы мақсатта кеңінен пайдаланды. Отаршыл саясаткерлер «мектеп арқылы орыс ықпалын жүргізуге болады. Жастайынан біздің тіліміз арқылы білім алған бұратана халықтың балалары ертең өскенде өздерін Ресейдің бір бөлшегіндей санайды»[4, б.335] деген. Мектептер арқылы үздіксіз орыстық құндылықтар насихатталып, басқа ұлттардың барлығының мәдени, салт-дәстүр, мұраларын ескіліктің сарқыншағы деп кемсітті.
Орыс патшасының саясатын кейін қызыл коммунистер жалғастырды. Кеңестік тарихшылар Абайдың, Ы.Алтынсариннің «орыс тілі арқылы ғылым мен білімге қол жеткізу» позициясын бір жақты түсіндірді. Оны ана тіліңді ұмытып, тек орыс мәдениеті, орыс тілі арқылы ғана «ұшпаққа жетесің» дегенге балады. Бірақ, Ұлы Абайдың қазаққа тіліңді, мәдениетіңді ұмыт, христиан дінін қабылда дегенін кім естіпті?
Baq.kz сайтынан алынған

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста