"Менің атым – ... " немесе саясаттың сәбилері

"Менің атым – ... " немесе саясаттың сәбилері

«Атымды айта бастасам, тілім таңдайыма жабысып қалғандай болады да тұрады. Адам­ның атының сүйкімді болуы да зор бақыт па деймін. Мәселен, Мұрат, Болат, Ербол, Бақыт деген аттарды алып қараңдаршы. Айтуға да ықшам, естір құлаққа да жағымды. Әрі мағына жағынан да, қазақ тілінен сабақ беретін Майқанова тәтейше айтқанда, бұлар – жоғары идеялы есімдер...» деп келетін жолдарды таныс емес дейтін, қазақ балалар әдебиетіндегі классикалық шығармаға айналған «Менің атым – Қожаны» оқымаған бала қазақта жоқ, болса да, кемде-кем шығар. Кез келген адамның өз атына бейжай қарамайтынын автор осында бала тілімен керемет шебер келтіргеніне таңғаласыз. Расында, есіміміз біздің өмірімізге қатысы жоқ жай ғана атау емес, ол – біздің өмір бойғы серігіміз.

«Біз саясатпен айналыспасақ та, саясат бізбен айналысады» деген әйгілі тұлға Уинстон Черчилл сөзі дәлелді қажет етпейтін аксиома екенін еріксіз мойын­дауға мәжбүрміз. Мұның бұлтартпас дәлелі – кеңестік кезде, басқасын айтпағанда, кісі есімдеріне дейін саяси реңк алғандығы. Сол тұста қаншама жаңа туған сәби Қожаның кебін киіп, «шіркін, адам атты өзіне-өзі таңдайтын болса ғой» деген болар, бірақ кейін өскен соң, әрине... Жә, бұл – бөлек мәселе. Қазірше біз әлгіндей есімдердің мағынасына үңіліп көрсек. Себебі көптеген сондай есімді естіп жүргенмен, оның нені білдіретініне, о баста қандай ойдан туғанына аса мән бермейді екенбіз. 

Қазаққа сіңіп кеткен есімдердің бірі – Эльмира. Білте шамның жарығымен отырған қазаққа кеңес өкіметінің берген бір игілігі – «Ильич шамы», бүгінгі тілмен айтқанда, электр жарығы. Күңгірт сәуледен жарқ еткен жарықты көргенде ата-бабаларымызға ол бір сиқырдай көрінгені сөзсіз. Содан бастап кеңестік дәуірдің жарықтандыру, түгелдей дерлік электрлендіру процесі басталды, Эльмира деген есімнің түбірі, міне, осы «электрификация мира» деген сөзден шықса керек. 

Вил, Марат, Мэлс, Дамир, Рэм деген сол тұста сәнге айналған есімдер иесі әлі күнге біздің арамызда жүр. Мінекей, осындағы Вил – Владимир Ильич Ленин, сол заман тілімен айтқанда, «Күн көсем» атының бас әріптерінен құралса, Марат – француз револю­цио­нерінің фамилиясы, ал МЭЛС болса кеңес өкіметінің басты идеологтары Маркс, Энгельс, Ленин, Сталин есімдерінен, соларға шексіз берілгендіктің айғағы іспетті еді. Ал Дамир «Да здравствует мир!» ұранынан алынған. Бұлар ұлт таңдамайтын, яғни нитернационал есімдер болғандықтан, орыс, татар, қазақ, башқұрт т.б. түркітілдес халықтардың бәріне бірдей таралды. 

Сол тұстағы есімдердің шығуын мына­дай топтарға бөлуге болады екен: 

1. Абстрактілі ұғымдар, айталық, Ком­му­нар, Эра, Идея, Идиллия, Атеист т.б.

2. Техникалық, физика, математикалық терминдерге байланысты шыққан есімдер: Комбайн, Дрезина, Радиана, Ампер, Мик­рон, Магнита.

3. Химиялық элементтер, минералдар, шикізаттарға байланысты есімдер: Радий, Алмаз, Рубин, Лазурита, Сталь, Эфира.

4. Өсімдіктер мен гүлдерге қатысты: Геор­гина, Сирень немесе Гүлсирен, Лилия, Камелия, яғни қазақтың Кәмиласы.

5. Музыкалық терминдерге байла­ныс­ты: Лира, Минора. 

6. Сондай-ақ Рево және Люция деп, «революция» сөзін екі бірдей баласына сыйлаған ғалымдарымыз, тұлғаларымыз болды. Жеке басқа табыну саясатының күйіп тұрған кезінде сондай-ақ Нинел, яғни Лениннің атын керісінше оқып, қызына есім қылып қойғандар да бар. Ленгемир деген де атты бірде болмаса, бірде естіген боларсыз, ол – «Ленин – гений мира» дегеннен, яғни тек соған құлдық ұрудан туған есім. 

Айта берсек, Советхан, Кеңесбек, Съез­д­­хан көкелеріміз бен дәл осы 1 Мамыр – ұлттар бірлігі мерекесінде туған Мая, Майгүл секілді тәтелеріміздің есімдері бар, әйтеуір бәрін санап тауысу мүмкін емес. Мақсатымыз оларды тізбелеп шығу емес, қазір сол есім иелерінің өздерін қалай сезінетіндігі қызық. Осы орайда өз есімде­рін қазақшалап алғандардан үлгі алу керек секілді, айталық, белгілі жазушы Коммунар Табеев бүгінде өзін Қайым-мұнар деп жүрсе, дәстүрлі әнші Эльмира Жаңабер­генованың Елмұра атанғаны секілді...  Десек те, саясаттан қазекем әлі де қалмай, Тәуелсіздік перзенттеріне Саммитхан, Азиада, тіпті АҚШ Президентінің есімін беріп, Обама қылып жатқандар да жетер­лік. Солар кейін өздерін Қожа сезініп, «атым­ды айта бастасам...» деп жүрмесе болғаны...

«Алаш айнасы» мұрағатынан

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста