Бала бөлмесі қандай болуы керек?

Бала бөлмесі қандай болуы керек?

Бала бөлмесі

Мынау сөзді оқығанда “атыңның басы тиіп, жорғасы қалып па?” дегендей, қазақтың өзіне үй бітіп, баласының жорғасы қалып па? – деп күліп кекетуші де табылар.  Шынын айтқанда, қазақта үй дерлік үй бар ма? Жоқ. Өнерлі ауылдың адамы түгіл малы да жатпайтын бір былық қора.  

Қазақтың қысқы үйінің көбі жермен -жексен болып жатқан шымнан жасалған бір қуыс. Терезе деген тышқанның көзіндей ғана бір тесік. Есіктен, тесіктен, үстінен аңырап тұрған суық. Желдің ызыңын, дауыл, боранның адасқан аңдай ұлығанын естігің келсе, сорлы қазақтың қысқы үйіне кір. Шым қабырғадан, төбедегі сирек салынған сырғауылдың арасынан сорғалаған су. Жер еденсіз. Босағада қатар-қатар малдың төлі. Иіс-қоңыс, түтін. Егер қазақ жаз шығысымен мынау сасық үңгір зынданын тастап, киіз үйіне шықпаса, сөз жоқ, бірнеше жылдың ішінде қырылып бітер еді. Мінеки, жыл он екі ай ішінде сегіз-тоғыз ай қазақ тұратын (үйдің) түрі осы. Әрине, мұндай үйде тұрған қазаққа, бала бөлмесі пәлендей болсын деп айту орынсыз болар еді. Бірақ біздің үмітіміз келешекте: сорлы қазақ мәңгі сасық үңгірде құрттап, шіріп жата бермес, тұрмысын түзетер деп сенеміз. Бізге жұбаныш ақынның әлгі өлеңі. 
Сөзімізге оралайық. Бала бөлмесінің ішінде 6-5 куб сажын ауа болсын. Және ауа жиі-жиі жаңартылып тұрсын. Бала жатқан үйде кір жуу, кір кептіру, кірлеген киім тастау жарамайды. Себебі, кірдің кірі бу болып, ауа болып баланың ішіне кіріп, саулығына зиян келтіреді. Бала бөлмесінің жылылығын да бақылап тұру керек. Жаңа туған бала жатқан бөлменің жылылығын Рьюмер бойынша 17-18 градус, бір жеті мен алты жеті арасында  17-16 градус, мұнан соң 15-16 градус болуы тиіс. Қандай үйдің, әсіресе, бала бөлмесінің жарық болуы тым керек. Қараңғы үйде тәрбиеленген баланың өсуі шабан болады. Тамағы қанша жақсы болса да, зағып, нашар болып өседі. Сондықтан бала жатқан бөлменің жарығы мол болуы керек. Бөлменің жарығы мол болу үшін терезелері оңтүстік күн шығысқа, не оңтүстік күн батысқа қарауы шарт. Терезелері тура оңтүстікке қараған бөлме қыстыгүні жарық, жылы болғанымен жаздыгүні ыстық, қапа болады. Ал енді терезелері солтүстікке – түн жаққа қараған бөлме қашан да қолайсыз.
Сөз аяғында қазақтың үйінде бала өсіруі, асырауы туралы бір-екі ауыз сөз. Бала тәрбиелеу үшін күіз үйді аса қолайлы деуге болмайды. Аңғал-саңғал, ашық-тесік киіз үй баланың жел тиіп, суық тиіп ауру болуына көп себепші. Бірақ баланы киіз үйден біржола бездіріп кетуге орын жоқ. Киіз үйдің зиянды болғаны сықылды, пайдалы жағы да бар. Әңгіме сол киіз үйдің ішінде баланы ұстай білуде. Таза ауа сол киіз үйде болмағанда қайда болады? Тегінде жаратылыспен бауырласып құшақтасқан, алдындағы малымен бірге жүріп, бірге өскен қазақ баласын аса нәзік етіп, үлбіретіп тәрбие қылмағаны дұрыс болар еді. Бұл сөзбен мен балаңды баяғыдай “шалбардың ішіне салып асыра” дейін деп отырғаным жоқ. Ол заман озды ғой.  Әйткенмен де қазақ баласының тәрбиесі қазақ тұрмысына қабысуы мақұл.

namys.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста