Ақтөбеде тірі адамдарға да мола салынып жатыр

Ақтөбеде тірі адамдарға да мола салынып жатыр

Ақтөбеде тірі адамға зират салу сәнге айналып барады. Бұрын қариялар қайтыс болғаннан кейін моласының жанынан жарына орын қалдырылатын. Енді жастар да жағаласып, мәңгі жантаятын жерін алдын ала дайындап жатыр. Жергілікті имамдар мұны халық арасындағы бәсекеге балап, шәриғатқа қарсы келетін шара дегенді айтуда.
Ақтөбенің іргесіндегі қорымда бір адамды жерлейтін орын он мың теңге тұрады. Соңғы кездері қалталы азаматтар жер сатып алып, тірі адамға алдын ала зират салатын болған. Мысалы, мына мәрмәр таспен қоршалған бос мола бір отбасыға арналыпты. Осы жердің күзетшісі адамдардың өмір сүруге емес, өлімге асығатынына қайран қалып отыр.
Оңғарбай Қаюпов, қорым күзетшісі:
- Бос молаға қарағанда қорқыныш болады. Бос моланы қарасаңыз қорқасыз. Білмеймін, енді адамның пейілі солай болып кеткен. Бұрын ата-бабамыздың дәстүрімен жүріп келдік. Артында адамы қалмаған адамдарға ғана дайындаған бір моланы.
Имамдар мұсылман үшін өлімнен бұрын моласын салу шариғатқа қайшы келетінін айтады. Тек жасы келіп, санаулы күні қалған қарияларға ғана жарының жатқан жерінен орын қалдыруға рұқсат беріледі. Десе де, самайын ақ шалмаған жастардың бұл қылығын молдалар бәсекеге балап отыр.
Әбдімүтәлі Дәуренбеков, ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша өкіл имамы:
- Жалпы, шариғатқа жер алып қою немесе жерді белгілеп қою сай келмейді. Кез-келген мұсылманның бір ғана арманы болу керек. Егер мен дүниеден көз жұмып қалсам, мұсылмандардың жанына жерленсем деген. Одан басқа міндет мұсылман баласына, жалпы адамзат баласына міндеттелмейді.
Сондай-ақ, имамдар жерлеу рәсімінің де келеңсіз жақтары қаптап кеткендігін айтады. Садақаның өзі тойға айналып, жоқтау айтатын адамды жалдайтын болған. Сондықтан мазар салу мен садақаны өткізу жоралғыларын реттеу керек дейді дін өкілдері.

ktk.kz сайтынан алынған

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста