Батырға тағзым (Деректі фильм)
Даңқты ұшқыш, авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов Алматыда 93 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Талғат Бигелдинов 1922 жылы 5 тамызда Ақмола облысында дүниеге келді. Оның балалық және жастық шағы Бішкекте өтті. Болашақ ұшқыш 16 жасында аэроклубқа оқуға түседі. Кейін Саратовтағы, Чкаловтағы ұшқыштар мектебінде білімін жетілдіріп, біліктілігін шыңдады. 1943 жылдың қаңтарында Калинин майданына алынады, оған 296-дивизияның 800-ші шабуылдаушы авиациялық полкының Ил-2 шабуылдағыш ұшағының тізгіні беріледі.
1944 жылдың қазан айында Знаменка және Кировоград қалаларын жаудан азат етуде ерлік пен әскери шеберлік көрсеткені үшін және жаудың төрт ұшағын атып түсіргені үшін аға лейтенант Бигелдинов Кеңес Одағының Батыры атағы атанды. Осы уақытқа дейін ол әуеде 200-ге жуық әскери тапсырманы орындаған болатын. Даңқты ұшқыш Берлинді азат ету үшін болған ұрысқа да қатысты. 1945 жылдың 27 маусымында оған Кеңес Одағының Батыры атағы екінші рет берілді. Аты аңызға айналған Талғат Бигелдинов барлығы 305 әскери ұшуды іске асырдыТолығырақ: http://alashainasy.kz/culture/batyir-ruhyina-tagzyim-57267/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу