Алматыда ең үздік экстремал видео анықталды

Алматыда ең үздік экстремал видео анықталды

Алматы қаласында экстремал видео әуесқойларына арналған X-Movie фестивалінің жеңімпаздары анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Байқаудың финалы қаладағы барлардың бірінде өтті. Қазақстандағы ең үздік экстремал видео шараға қатысушылардың дауыс беруі арқылы анықталды.

Байқау шарттары бойынша, қатысушыларға ұзақтығы 10 минуттан аспайтын видео түсіру тапсырылды. Спорт түрлерін таңдауға шектеу қойылған жоқ, ең бастысы - ол ерекше және экстремал жағдайда түсірілген болуы тиіс. "X-Movie - спорттың экстремал түрімен айналысатын жастарға арналған алаң. Ондайлар бізде өте көп, бірақ олар тап осы жерде өздерінің дәрежесін көрсетіп, адамдарға ол туралы айтып бере алады. Біздің жастар батыстық райдерлерден кем түспейді екен", - дейді фестивальді ұйымдастырушы Станислав Тюрин.

Оның айтуынша, бұл фестиваль Алматыда тоғызыншы рет өткізілді. Биыл байқауға 40-тан аса экстремал видео келіп түсті. Олардың ең үздік жиырмалығын қазылар алқасы таңдап алды. Сөйтіп, The Best Extreme ("Үздік трюктер") номинациясы бойынша Максим Черных жеңіске жетті. The Best Original Extreme ("Видеоның ең үздік соны желісі") номинациясы бойынша ең үздік видеоролик авторы деп Даниил Тавдишвилли танылды. The Best Rider video ("Ең үздік профайлды қатысушы") номинациясы бойынша Жомарт Құмақбаев, ал The Best Team Video ("Ең үдік топтық видео") бойынша Сәкен Қағаров жеңіске жетті.

Экстремал видеолардың "Гран-при" номинациясы бойынша жеңімпазды шараға келушілер дауыс беру арқылы анықтады. Көрермендер Mad Panda алматылық стритрейсерлер тобынан шыққан Руслан Фазылбековке ерекше ықылас білдірді. Жігіт түсірген сюжетте оның көлігі тауда сынып қалады. Ол достарынан көлікті жөндеу үшін көмек сұрайды. Олар достарының өтінішін жерге тастамай, "Форсаждың" дәстүрімен қажетті бөлшекті алып барады. "Біз ролигімізді екі аптадай түсірдік. Айтарлықтай бюджет болған жоқ, барлығын өз күшімізбен жасадық. Бұл ойдан шығарылған сюжет емес. Яғни, мұндай оқиға басымыздан өткен. Сондықтан, сол туралы экстремал видео түсіруге шешім қабылдадық", - деді Mad Pаnder тобының қатысушысы Влад Келя.

X-Movie байқауын ұйымдастырушылардың сөзіне қарағанда, олар бұл жетістіктерімен шектеліп қалмайды, олар келесі жылы бұдан да ауқымды шараны ұйымдастыруы жоспарлап отыр. "Келесі жыл біз үшін мерейтой жылы болады және біз соған арнап үлкен Open Air жасағымыз келеді. Бұдан да көп адреналин, бұдан да көп қатысушы болады. Біз адамдарды белсенді өмір сүру салтына тартқымыз келеді, ал экстремал видеолар біздің спортшылардың визит карточкасына айналады", - деді Тюрин.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста