Жүрек кеселін қазақ қайдан тауып алды?

Қазақ бұрын жүрек ауруымен ауырмаған. Мұны «Ұлттық ғылыми медициналық орталығының» директоры Абай Байгенжиннің де аузынан естіген едік. Алайда соңғы кездері осы жүрек аурулары «ұлттық ауруымызға» айналып бара жатқандай. Не себепті? Оның сырын медицина ғылымының докторы, профессор Әлия Жолдасбекова ашуға тырысқан екен.

Әлия Өтембайқызының қан қысымы ауруына, инсультқа әкеп соғатын аурулардың молекулярлық-генетикалық механизмдерін анықтапты. Жалпы, молекулярлық-генетикалық жұмыстар бір ұлттың ішінде ғана жүргізіледі екен. Әлия Жолдасбекова зерттеу объектісі ретінде тек қазақ ұлтын ғана алған. Оның айтуынша, қазақта жүрек аурулары тұқымқуалаушылық арқылы берілуі мүмкін. «Әкесі, шешесі не атасы мен әжесінің бірі инсульт алған болса, олардан туған балалардың денсаулығын жіті қадағалау керек. Оларға да бұл аурулар тұқым қуалау арқылы берілуі мүмкін», – дейді ол кеше Астанада өткен «Санофи-Авенсис 2010 жылдың медициналық гранты» байқауының жеңімпаздарын марапаттауға арналған жиында.

Ал енді қазақ бұрын неге жүрек ауруымен ауыра қоймаған? Қазір неге мұндай ауруларға қазақтың басым көпшілігі шалдығатын болды? «Негізінен, жүрек аурулары, қан қысымы холестериннен болады. Қазақ ұлты ежелден, өмір бойы ет жеп, ет жегенде де семіз малдың майлы етін жеп, сорпасын ішіп күн көріп келген. Осыған байланысты біздегі жүрек ауруларының факторларына холестерин жатпайды. Біздегі жүрек ауруына себеп болатын негізгі фактор – стресс, күйзеліс. Қазақ – ежелден көшпелі, сайын даланы еркін жосып жүрген азат халық. Біз гендік тұрғыдан стрестен қорғанбағанбыз», – дейді Әлия Жолдасбекова. Міне, осы еңбегі үшін профессор «Кардиология» аталымы бойынша Денсаулық сақтау министрлігі мен «Санофи-авенсис» фармацевтикалық компаниясы ұйымдастырған грантты жеңіп алды.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста