Жұмыс, инвестиция, өркендеу: Үкімет Абай облысын қалай дамытады

Абай облысы бөлек жасақталғалы бері оның даму жоспары да өзгеретіні белгілі. Үкімет орталығы Семей қаласы болып таңдалған облыстың 2023-2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын бекітті. Жоспарда қандай бағыттар қамтылатынын  Azattyq Ruhy тілшісі бір шолып шықты.

 
Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарында 9 бағыт бойынша 102 іс-шара көзделген.

Өнеркәсіпті дамытуға – 8 іс-шара, оның ішінде тау-кен байыту комбинатын салу және «Айдарлы» мыс кен орнын өнеркәсіптік игеру бар.

2028 жылға қарай облыс экономикасына шамамен 1,3 трлн теңге инвестиция тартылып, өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 1,5 есе өсіммен 1,4 трлн теңгеге жетеді деп болжанып отыр.

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мақсатында 100,3 млрд теңгеге 13 жоба іске асырылатынын айтты.

«Мысалы, ет өңдеу комбинатының, суару жүйелерінің, сүт-тауар фермаларының құрылысы Бесқарағай және Жарма аудандарында жоспарланып отыр. Нәтижесінде өңірдің ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2028 жылға қарай 1,5 есеге немесе 725,9 млрд теңгеге дейін өседі. Туризм саласында 41 млрд теңгеге 6 іс-шараны іске асыру, оның ішінде сауда ойын-сауық орталықтары (Семей– 3,7 млрд теңге), қонақ үй кешені (Семей– 24 млрд теңге) және Алакөл көлінің жағалауындағы демалыс базасын салу (6,1 млрд. теңге)», - деді Ұранхаев.
Сонымен қатар облыста халықаралық көлік дәліздерінің байланыстырушы буындарын ашу және облысымыздың транзиттік-көлік инфрақұрылымын дамыту үшін кешенді жоспарға  137,8 млрд теңгеге 9 іс-шара енгізілген.

Әкімнің айтуынша, оған  «Аягөз-Бақты-Қытай шекарасы» учаскесінде теміржол салу, құрғақ порт пен логистикалық парк құру, Ертіс өзені арқылы өтетін автогуж көпірін, Семей қаласындағы аспалы көпірді қайта жаңарту, 2 мың шақырымға жуық автожолдарды жөндеу кіреді.

«Осылайша, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 82%-дан 98%- ға дейін артады.Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылымды дамыту саласында 732,9 млрд теңгеге 13 іс-шара көзделген.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес және Үкіметтің қолдауымен кешенді жоспарға Семей қаласында заманауи жылу электр орталығын салу жобасы енгізілді.Облыстың инфрақұрылымын жақсарту үшін кешенді жоспарға жылу көздерін, электр, сумен жабдықтау желілерін, кәріз-тазарту құрылыстарын салу және реконструкциялау жобалары енгізілді», - деді облыс әкімі.
Сондай-ақ облыстағы білім беру саласында да бірқатар игі бастамалар күтіліп отыр. Апатты, тозығы жеткен мектептерді жою үшін білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражаты есебінен 510 орындық 6 шағын жинақталған мектеп салу жоспарланып отыр.

«Бұл балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және сапалы оқытумен қамтуды 75% - дан 92% - ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.Денсаулық сақтау саласы бойынша 2028 жылға дейін 7 медициналық нысанның  құрылысы жоспарланып отыр.Мәдениет және спорт саласында 8 мәдениет нысанын, 1 жүзу бассейнін және 5 спорт модулінің құрылысын салу кешенді жоспарға еніп отыр. Облыста 28,7 мың мүмкіндігі шектеулі адам, оның ішінде  3 мыңға жуық бала тұрады.Осы санаттағы азаматтарды оңалту үшін облыста   841 орындық 5 медициналық-әлеуметтік мекеме жұмыс істейді», - деді Нұрлан Ұранхаев.
Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша салынған Семей қаласындағы 150 орындық оңалту орталығының құрылысы аяқталды.

«Кешенді жоспарға Семей және Аягөз қалаларында тағы екі оңалту орталығын салу ескерілді.Өңірдегі экологиялық ахуалды жақсарту үшін қатты-тұрмыстық қалдықтар полигонын, қатты-тұрмыстық қалдықтар полигонында ғимарат (ангар) салу және жаңғырту жоспарланған. Кешенді жоспарды іске асыру өңір экономикасының өсу қарқынын арттыруға мүмкіндік береді және халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсартуды қамтамасыз етеді», - деді Нұрлан Ұранхаев.
Өз кезегінде Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өңірде қандай бастамалар жүзеге асырылатынын айтты.

«Абай облысына жұмыс сапары барысында Мемлекет басшысының берген тапсырмасы бойынша Министрлік Абай облысының әкімдігімен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Абай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасын әзірледі.Кешенді жоспардың жобасы әртүрлі салалар бойынша жобаларды іске асыруды көздейтін  9 бағыттан тұрады және 102 іс-шараны қамтиды.2023-2027 жылдарға арналған инвестициялардың жалпы көлемі 1,9 трлн теңгені құрайды, оның ішінде республикалық бюджет есебінен 515 млрд теңге, жергілікті бюджет – 110 млрд теңге, жеке инвестициялар – 1,3 трлн теңге, сондай-ақ білім инфраструктурасын қолдау қоры арқылы – 22 млрд теңге қарастырылған», - деді Қуантыров.
Ұлттық экономика министрі атағандай, кешенді жоспар жобасы өнеркәсіпті дамыту бойынша бірқатар іс-шараларды қамтиды.

Соның ішінде тау-кен байыту комбинатының құрылысы және «Айдарлы» мыс кен орнын игеру жұмыстары бар. Сондай-ақ 6 өндірістік нысанның құрылысы және пайдалы қазбаларды анықтау үшін ауқымды барлау, геологиялық іздестірулер жүргізу және басқа да маңызды жобалар бар.

«Агроөнеркәсіп кешенін дамыту мақсатында суару жүйелері жабдықтарын сатып алу және инфрақұрылымды салу, ет және ет өнімдерін қайта өңдеу комбинатын, 2 сүт-тауарлы фермасын және 2 бордақылау алаңын салу жоспарланды. Бұдан басқа, кәсіпкерлік және туризмді дамыту үшін 2 сауда ойын-сауық орталығын, 5 жұлдызды қонақ үй кешенін және Алакөл көлінің жағалауында демалыс базасын салу жоспарланып отыр. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты және инфрақұрылымды дамытуда Семей қаласында және басқа да қалалар мен ауылдық елді мекендерде 3-ші жылу-электр орталығын салу, жылу көздері мен пункттерін, электрмен жабдықтау және су құбыры желілерін қайта жаңарту жоспарлануда. Семей, Аягөз, Курчатов қалаларында кәріз-тазарту имараттарының құрылысы да көзделген», - деді Қуантыров.
Көлік саласы мен логистиканы дамыту аясында 11 көпір, «Аягөз-Бақты-Қытай шекарасы» учаскесінде теміржол салу және реконструкциялау, Үржар ауылында транзиттік-көлік объектісін, әуежай терминалын құру жоспарланып отыр. Жалпы ұзындығы 1465 км болатын жергілікті жолдарға күрделі және орташа жөндеу жүргізіледі.

«Семей қаласынан Ақтау, Атырау, Шымкент қалаларына дейін және Үржар - Павлодар бағыттары бойынша авиарейстерді субсидиялау жоспарланып отыр. Денсаулық сақтау саласын дамыту мақсатында облыстық көпбейінді аурухана мен балалар ауруханасын, облыстық қан орталығын және 2 емхана салу көзделген. Оқушы орындарының тапшылығын шешу үшін 6 шағын жинақты мектеп салу, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған мектептерге, оқушылар сарайына, интернатқа 6 қосымша құрылыс салу, 9 балабақша мен 3 балалар лагерін салу жоспарланды. Мәдениет және спорт ауылдық саласында елді мекендерде мәдениет нысаны, жүзу бассейні және 5 спорт модулі салынады және жөнделеді. Семей қаласында мұз сарайының құрылысын салу және 80 адамға арналған қонақ үйі бар спорт кешенін салу жоспарланып отыр», - дейді Әлібек Қуантыров.
Сондай-ақ 7 медициналық-әлеуметтік мекемелер салынады және жөнделеді.

«Кешенді жоспардың бірқатар іс-шаралары азаматтық қорғанысты, қоғамдық қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған. Атап айтқанда, 5 өрт сөндіру депосын салу, Ертіс өзені мен Алакөлдің жағалауларын нығайту жұмыстары жүргізілетін болады. Бұдан басқа, құқық қорғау органдарына       арнайы кешендерді салу және техникалық құралдарды сатып алу жоспарланып отыр. Сонымен қатар өңірдегі экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылады. Осы шараларды іске асырған жағдайда 2027 жылға қарай өнеркәсіп көлемінің 55,8%-ке өсуі күтіліп отыр. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 3,5 есеге, ал шағын және орта бизнес субъектілерінің өнім шығаруы 85,6%-ке өседі.Ауыл тұрғындарын ауыз сумен  қамтамасыз ету 100%-ті, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жол деңгейі  97%-ті құрайды. Жалпы 14 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады», - деді ол.
Ал премьер-министр Әлихан Смайылов Абай облысын дамытудың кешенді жоспарында 100-ден астам іс-шара қамтылғанын айтады. Осыған байланысты құзырлы органдарға тапсырма да берді.

«Олардың ішінде инвестициялық жобаларды іске асыру, тұрғын үй, әлеуметтік және өзге де инфрақұрылымды дамыту, азаматтық қорғау, сондай-ақ экология мәселелерін шешу көзделіп отыр. Жоспардың жалпы бюджеті 1,9 трлн теңгеге жуық. Олардың басым бөлігі – жеке инвестициялар. Облыста, сонымен қатар, «Аягөз-Бақты-Қытай шекарасы» теміржол учаскесі, тау-кен байыту комбинаты, «Айдарлы» мыс кен орнын игеру, ет комбинаты, «құрғақ» порт және логистикалық парк сияқты ірі жобалар іске асырылады. Кешенді жоспар өңірдегі өнеркәсіп көлемі мен ауыл шаруашылығы өнімін 1,5 есеге, негізгі капиталға салынатын инвестициялардың 3,5 есеге өсуін қамтамасыз етеді. Қорыта айтқанда, жаңадан құрылған облыс сапалы дамуға жаңа серпін алады. Ең бастысы – 14 мың жұмыс орны құрылып, жергілікті халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Ұлттық экономика министрлігі мен облыс әкімдігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірге Кешенді жоспардағы іс-шаралардың дер кезінде әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етсін», - деді Әлихан Смайылов.
Марья АЙДАРБАЕВА

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста