Зорлықшы жігіт шекарашылар мен полицейлерді шатастырды

Зорлықшы жігіт шекарашылар мен полицейлерді шатастырды

Екі күн бұрын ақтөбелік полицейлер Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты №2030-әскери бөлімі сержантының cегіз жастағы қызды зорлауға әрекеттенгендігі үшін ұсталғандығы туралы ақпарат таратқан болатын. Алайда кеше аталған әскери бөлімнің командирі подполковник Михаил Сакардин телефон арқылы ұсталған күдіктінің шекарашылар бөлімінің қызметкері еместігін ресми түрде мәлімдейтінін айтты.

Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің инспекторы Алмат Иманғалиевтың айтуынша, тергеу қапасында отырған күдікті өзінің осы бөлім қызметкері екендігін айтқан. Қазір ішкі істер департаменті оның үстінен қозғалған қылмыстық істі әскери тергеу басқармасының қарауына өткізіп берген. Бірақ Әскери тергеу басқармасының бастығы полковник Талғат Тілебергенов бізге: «Ішкі істер басқармасы сізге дұрыс ақпарат бермеген. Іс бізге келіп түскен жоқ», – деп кесіп айтты. Шекара қызметінің № 2030- әскери бөлімінің командирі Михаил Садаркин болса, полицияға ұсталған адамның аталған бөлімге еш қатысы жоқ екенін хабарлады. Сонымен зорлықшыға қатысты деректерді тиісті тараптар сан құбылтып отыр. Естеріңізге сала кетейік, 24 жастағы сержант өткен жұма күні Ақтөбедегі Кобозев көшесінің бойында сабақтан шығып, үйіне бет алған бүлдіршінді ойын-сауық орталығына апарып, әткеншек тептіремін деп алдап, көлігіне отырғызып алып, оны зәбірлемек болған. Бұл туралы ішкі істер басқармасына жәбірленушінің анасы шағымданған екен.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста