Жоламановтың және оның туыстарының барлық мүлкі тәркіленеді

Жоламановтың және оның туыстарының барлық мүлкі тәркіленеді

11 жылға бас бостандығынан айырылған Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің бұрынғы басшысы Нұрлан Жоламановтың барлық мүлкі тәркіленеді, - деп хабарлайды 7 арна

Ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, 173 млн теңге және 436 мың доллар көлемінде пара алды деп айыпталған экс-генералға Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық соты осындай үкім шығарды. Алайда туған-туыстары нағыз кінәлі тұлғалардың есімдерін атап, сотқа қайта шағымданамыз деп отыр. Соңғы сот отырысында судья Ербол Ахметжанов ешкімді тыңдамастан, сотталушыға соңғы сөз берместен бірден үкім оқуға кірісті.

Ал Жоламановтың өзі, орың әйелі мен қызы шешімді алдын ала білгендей сабырлық танытып, үкімді байыппен тыңдады. Қылмыстық кодекстің 235 және 366 баптары бойынша ол 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ал оның барлық мүлкі, атап айтқанда бірнеше пәтері, көліктері, әшекей бұйымдары, тіпті қызмет кезінде киген 2 жейдесіне дейін тәркіленетін болды.

Мұнымен қоса, Нұрлан Жоламанов генерал лейтенант шенінен және ІІ дәрежелі "Даңқ" орденінен мәңгілікке айырылды және мемлекеттік қызметкер енді жолатылмайды. Оның үлкен қызы Айгерім Жоламанова нағыз кінәлі адамдар құтылып, менің әкем ғана жазаланды дейді. Ал әйелі болса, күйеуіне уақытша ұстау изоляторында қоқан лоқы көрсетілгенін ашық айтты.

"Сот шешімімен келіспейміз, әрине. Алдында дәл осындай 2 баппен айыпталушы болғанда Жоламановқа қарсы шығып, куәгер атанып кетті. Ал менің күйеуімің қылмыс жасағаны жөнінде бірде бір дәлел жоқ, пара алғаны көрсетілетін бейне, жазба, телефон әңгімелері, тіпті алынған ақшаның өзі жоқ", - дейді Нұрлан Жоламановтың әйелі Гүлнәр Жоламанова.

Тергеу құжаттары бойынша Жоламановтың сыбайласы ретінде қаралған Қайрат Балмағамбетов те қылмыстық кодекстің 235 бабы бойынша кінәлі деп танылды. Алайда жазасын мойындағандықтан, қылмыстық жазаға тартылмайтын болды. Әзірге ол үйқамақта отырмақ.

7 арна

NUR.KZ

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста