Жоғары оқу орындарында оқытудың онлайн түрі енгізіледі

Халықаралық олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері және олардың тәлімгерлеріне бір реттік ақшалай төлем жасалады.

Еліміздің жоғары оқу орындарында оқытудың онлайн түрі енгізіледі. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.
 
Бүгін парламент мәжілісінің жалпы отырысында маңызды нормаларды көздейтін заң жобасы қабылданды, деп хабарлады министр.
 
Айтуынша, жоғары білім беруде жаңа онлайн оқыту формасы енгізіледі.
 
"Енді ЖОО-лар оқытудың онлайн түрінде белгілі бір оқыту бағыты бойынша кадрлар дайындай алады. Бұл – заман талабы. Бұл ретте біліктілік талаптарына сәйкес оқытудың белгілі бір бағыты бойынша (прокторинг, ақпараттық жүйе, цифрлық контент, кадрлар және т. б.) жеке лицензия алу міндетті болады", - деп жазды Аймағамбетов.
 
Сондай-ақ Қазақстан тарихы мен Дүниежүзі тарихы оқулықтары енді еліміздің барлық мектебі үшін бірыңғай және базалық болады. Яғни, бір оқу бағдарламасы және бір негізгі оқулық бойынша білім беріледі.
Басқа пәндер бойынша оқулықтардың балама нұсқалары қолданылады.
 
Халықаралық пәндік олимпиада, сондай-ақ халықаралық орындаушылар конкурсы мен спорт жарыстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне жоғары оқу орындарында тегін білім алуға гранттар беріледі.
 
Халықаралық олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері және олардың тәлімгерлеріне бір реттік ақшалай төлем жасалады.
 
sputnik.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста