«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде 2023-2025 жылдар кезеңіне қадамдық қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін шалғай ауылдарда медициналық көмек жүйесін жетілдіру жоспарлануда. 15 дәрігерлік амбулатория, 39 фельдшерлік-акушерлік пункт және 5 медициналық пункт салынады деп күтілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Кербұлақ аудандық орталық ауруханасының директоры Қанатбек Әбдірахманов пен денсаулық сақтау басқармасының күрделі жөндеу бөлімінің маманы Дулат Шыныбаев мәлімдеді.
«Жетісу облысының құрылыс басқармасы» Кербұлақ ауданының орталық аудандық ауруханасының қалпына келтіру жұмыстарымен сейсмикалық күшейту «ЖСҚ әзірлеуге 58,8 млн.теңге сомасына» строй-проект инвентаризация ЖШС-мен шарт жасасты. Алдын ала есептеулер бойынша «Кербұлақ ауданының орталық аудандық ауруханасының қалпына келтіру жұмыстарымен сейсмикалық күшейту» жобасы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары 2 млрд. теңге. 2024 жылы Арқарлы, Онжас, Құренбел, Тастыбастау, Қызылмектеп ауылдарында 5 МП блок - модульдік кешендерді орнату жоспарланған. Ал 2025 жылы Көксай, Көктал, Сайлыкөл, Ақбастау 4 МП жоспарланған",-деді Қанатбек Тұрысбекұлы.
Ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсету жүйесін 8 аудандық және 9 ауылдық аурухана, 100 дәрігерлік амбулатория, 175 фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункт, сондай-ақ 6 басқа медициналық мекеме қамтамасыз етеді. Жоба шеңберінде медициналық объектілерді салу үшін қаржыландырудың болжамды есебі жасалды. «Turar Healthcare» коммерциялық емес акционерлік қоғамы 2023 жылғы 22 маусымдағы күнімен мемлекеттік ведомстводан тыс сараптама порталында орналастырылған медициналық объектілердің үлгілік жобаларын әзірледі. Бұл шаралар елдегі денсаулық сақтаудың жалпы нығаюына ықпал ете отырып, ауылдық жерлерде медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын жақсартуға бағытталған.
«Қазіргі уақытта Жетісу облысының құрылыс басқармасы мен ҚазҚСҒЗИ АҚ арасында дайын үлгілік жобаларды жер учаскелеріне байланыстыруға, байланыстыруды аяқтау мерзімі 2023 жылдың тамыз айының соңына дейін шарттар жасалды. ЖСҚ әзірленгеннен кейін құрылыс нормаларына сәйкестігін тексеру үшін мемлекеттік ведомстводан тыс сараптама порталына жүктелетін болады, содан кейін құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге тендер жарияланатын болады. Ұлттық жоба бойынша объектілердің құрылысын қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылатын болады»,- деп қорытындылады Дулат Серікболұлы.
Жетісу облысында 15 дәрігерлік амбулатория салынады деп күтілуде
Последние статьи автора