Жетісай аудандық полиция бөлімінің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция майоры Жанна Шалбекованың ұйымдастыруымен, аудан жөсөспірімдеріне әйелдерге және балаларға жасалынатын зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында арнайы сабақтар өткізілуде. Шараның негізгі мақсаты - отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар аясында жасалынатын зорлық-зомбылықтың тәсілін және әдісін, сондай-ақ, оның себептері мен жағдайларын анықтау және ерте жүктіліктің алдын алу.
Іс-шараға аймақ мектептерінің 7-11 сынып оқушылары қатыстырылуда. Дәріс барысында инспектор Ж.Шалбекова, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды ақпарат беріп, қыз балалардың тәлім-тәрбиесі, өз құқығын қорғай білуі керектігін жеткізді. Сондай-ақ қандай да бір құқық бұзушылық жайты орын алған жағдайда, арнайы сенім телефондары мен полицияға хабарласулары қажеттігі ескертілді. Өз кезегінде жасөспірімдер полицейлер ұйымдастырған сабақ, ондағы айтылған құнды ақпараттар, мен ақыл-кеңестер үшін алғыстарын білдірді.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі