Түркістан облысының полицейлері зорлау қылмысы бойынша күдікті ер азаматты қамауға алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz telegram-арнасына сілтеме жасап.
Бұған дейін ауыл тұрғыны Жетісай ауданының полиция бөліміне шағымданып, кәмелет жасына толмаған қызына көршісі зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағанын айтқан еді.
Аталған жайт бойынша оқиға орнында жедел тергеу тобы барлық жедел шараларды атқарды.
Сонымен қатар бірқатар сот сараптамасы тағайындалды.
Бүгінгі таңда ҚР ҚК 122-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Бұл жайт Түркістан облысы ПД басшылығының тікелей бақылауында.