Жер-су аттарын қазақша жазар күн жақын

Абай ОМАРОВ (коллаж)

«Ономастика туралы заң керек және ол өшкенімізді тірілтіп, өнгенімізді өсіретін ұлттық заң болуы керек». Осылай ұрандалғанға бірталай жылдың жүзі болды. Бір кездері қазақ даласына отарлаумен бірге дендеген бөтеннің атауын ысырып, тарихи атауларды қайтару және жалпы жер-су аттарын реттеу мәселесінде, шынымен, кежегеміз кейін тартып тұратыны бар. Осы олқы­лық­тың орнын толтыру мақсатында Мә­дениет және ақпарат министрлігі жаңа жо­баны қолға алған болатын. Бүгіндері Мәжіліс қабырғасында жатқан осы заң жобасы жақында ашылған сессиямен бірге суырмадан алынып, жұмыс тобы алқасында қызу талқылана бастады. 
Елімізге ономастика туралы айтулы заңның керектігі еш дау тудырмаса керек. Өйткені дәл осы жер, су, қала, көше атауларына қатысты пікірталас қо­­ғамда қызу жүріп жатыр. Бір арындап, бір саябыр­сы­ғанда мәселелердің бәрінің айналып келіп, арнайы заңның жоқтығына тіреліп жататы­ны да рас. Бұған, сірә, мысал келтіріп жатудың өзі артығырақ шығар. Ендеше, ол заң қандай болуы керек? Елдегі қоғамдық ұйымдар мен қозғалыс­тардан бастап, мүдделі тараптардың біразының осыған бас қатырғаны да бір бүгінгі жайт емес. Тіпті басқасын қойыңыз, күні кеше дардай шенеуніктің «жаңа заң Алматының атын Алма-ата деп өзгертеді» деп қойып қалғаны қаншама жұртты толқытты. Ақыр аяғында мәселе сол шенеуніктің аңдамай сөйлегенімен түсіндіріліп қана жылы жабылды. Осындай олқы тұстардың орнын тол­тыру үшін ұсынылған құжаттан қоғам не жаңалық күтеді?
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық ак­тілеріне ономастика мәселелері бойынша өз­герістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жоба­сы ономастика сала­сын­дағы нормативтік-құқықтық база­ны жетілдіруді көздейді. «Заң жобасының жаңа­лығы: бұрын аудандық, қалалық немесе облыстық мәс­лихаттар ономастика комиссиясы берген ұсыныс­қа қарамастан, өздері таңдаған басқа атаулар бо­йын­ша шешім қабылдай беретін. Мәселен, ономас­ти­ка комиссиясы қалаға «Алаш» деген ат беруді ұсын­са, қалалық мәслихат оны қабыл­дамай-ақ, бас­қа ат қоя салатын. Ендігіде бұлай болмайды.
Яғни заң жобасы бойынша облыс орта­лықтары, республи­ка­лық маңы­зы бар қала, астананың объек­ті­леріне (кө­шелер­ге, алаңдарға, скверлерге, көпірлерге және қа­ла­ның басқа да құрамдас бөлік­теріне) атау беру және оның атын өзгертуде Республикалық ономас­тика комиссиясы­мен мін­детті түрде келісуі қажет болады», – дейді Мәжілістегі жұмыс тобының жетек­ші­сі депутат Алдан Смайыл. Түсіндіре кетсек, жаңа құ­жатта ономастика мәселе­сіне қатысты жауаптылық са­ты­сы енгізіліпті. Соған орай, жоғарыда айтылған­дай атау мәселесіне келгенде мәслихаттар өз білге­нін­ше билеп-төстемейді, шешім қабылдау бары­сында ортақ жауапкершілік қағидаты болады. Бұдан бөлек, ат қою және оны өзгерту туралы шешім қа­был­дау барысын­да тұрғын­дар­дың пікірін ескерудің тәртібі ай­қын­далады, осы бағытта ашықтық қа­ғи­да­ты орнықтырылатын болады. «Бүгінгі күні қоғам­дық пікірді есеп­ке алу мін­деттілігі бар болғаны­мен, егер оны есепке алу тәртібі заң жүзінде жазылмаса, онда бұл сыбайлас жем­қорлыққа жол ашып, құқық қолда­ну тәжі­ри­бесіне алып келеді», – дейді сарапшылар.
Айтпақшы, жаңадан жазылып жатқан құжатқа жер-су атаулары мемлекеттік тілде әрі тұтастай қазақ әліпбиімен ғана жа­зылсын деген талапты депутаттар табан­дап отырып кіргізгенге ұқсайды. Әйтсе де, әзірлеуші тараптың бұған сонша­лықты көнгісі келмейтіні де байқалады. Себеп: техникалық құжаттардың кейбір тетіктері, яғни стандарттау мәселесі бұған кесе көл­денең кедергі болатын тәрізді. Дегенмен, пікірталас барысында депутат Оразкүл Асанғазы стандарттауға сүйенетін­дердің алға тартқан себебін «бос санды­раққа» балайтындай сес көрсетті. «Жердің аты, елдің аты, адамның аты жазылған кез­де қазақ тілінің орфографиясына сәй­кес­теліп бір-ақ рет, бір-ақ түрмен ғана жазылуы шарт. Қазақшасы солай, егер орысшасы жазылатын болса ол да соған сүйеніп жазылуы керек. Қазір бұл қағидат Астана қаласында ғана сақталып тұр. Құдайға шүкір, ешкім «Оразкүл, бұл дұрыс емес» деп бірдеңе айтқан емес. Ал дәл осылай бүкіл Қазақстанда жазылса соған біреу өкпелей ме? Жоқ!  Өйткені біздің тоғыз әріпіміз сол күйі кириллицаға қарай қотарылады», – деген уәж айтады депутат.
Сөйтіп, сессияның түндігін жаңа ашқан депутаттар үлкен тірлікке бел шеше кі­рісіпті. Бұлай болса бұған дейін кібіртіктеп, тек тіл туралы заңның аясында ғана шеші­ліп келген ономастикаға жан бітетін тәрізді. Әйткенмен, саяси астары бар құжатты жан-жақты саралап, салмақтап сабырмен қабылдамаса, саяси шу шығып кетуі де ғажап емес деп сезіктенетіндер бар. «Заңның бүкіл позициясының саяси астары бар. Тіл, ономастика, жер-су атауларының бәрі саясат. Тіпті Қазақстанда кейбір елді ме­кендердің атын ауыстыра алмай отырға­ны­мыз да сол саясат болып кетеді деп үрей­ленуден. Сондықтан да, қабылдана­тын кез келген заңның саяси астары болса, оның ішінде ономастиканың саяси астары басқасынан да зор», – дейді Алдан Смайыл.
Бір сөзбен айтқанда, заң жобасын өткен сессиядан бастап депутаттармен бір­ге жазған мәдениет министрлігінің маман­дары қазір оны жетілдірудің тетіктерін одан әрі жалғастыру үстінде. Дегенмен, қау­қарлы құжаттың Парламент қабырға­сын­да әлі қанша жататыны белгісіз. Өйткені халық қалаулылары заң жобасына тұжырымдама­лық тұрғыдан қараша айына дейін өзге­рістер енгізіп, оны келісу үшін Үкіметке қай­та жолдайды. Атқарушы биліктің оң қоры­тындысын алып жатса, осы сессия ба­рысында қабылданып қалуы да бек мүмкін. Әзірше елімізде ономасти­калық атауларды өзгертуге тиым салған уақытша мораторий мен Үкімет қаулысы әлі күнге дейін өз күшінде тұр.

Алдан СМАЙЫЛ, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, жұмыс тобының жетекшісі:
– Ономастика бұрынғы тіл туралы заңның ішінде бір тараумен ғана беріліп еді. Ондай жеке заң еліміздің заңнама тарихында болған емес. Жаңа келіп жатқан заң аса күрделі талқылаудан өтіп жатыр. Өйткені ономастика мен тіл екеуі егіз ұғым. Айтарым ономастика бізге ғана қатысты емес. Қаншама ел-жұрт, әртүрлі ұлт өкілдері бар. Сондықтан олардың да бұл заңға қызығушылығы зор. Ал осыдан ортақ  жол тауып шығу да оңай шаруа емес. Десе де, заң жобасына әдеби тіл нормаларының ономастика қызметінде сақталуын қамтамасыз ететін біраз нормалар енгіздік. Соған сай барша атаулар Қазақстан Республикасында қалыптасқан әдеби тіл нормасына сәйкестендіріледі.  Жұмыс жалғасып жатыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста