Жер қойнауын заңсыз пайдалану жайттарын анықтап, заңсыздыққа жол бермеу мақсатында, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың бақылауымен 1 айға жоспарланған арнайы іс-шара жүргізілуде.
Оған ПД-нің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері мен табиғатты қорғау тобының инспекторлары жұмылдырылды.
Департамент бастығының қадағалауымен құрылған топпен атқарылған шара барысында 20 тәулікте 22 факт анықталды. Мәселен «Шымкент-Бадам-Арыс» тас жолының бойында орналасқан Бадам тас карьерінде заңсыз тас артып шығып келе жатқан «КАМАЗ» және «HOWO» маркалы ауыр жүк көліктері анықталып, айыптұраққа қойылды. Аталған жайттар бойынша тиісті құжаттар жинақталып, шешім қабылдау үшін Экология департаментіне жолданды. Бұл бағыттағы жұмыстар әкімдіктің тиісті мамандарымен полицейлердің күн тәртібінен түспей, арнайы шаралар облыстың барлық аумағында өз жалғасын табатынын еске саламыз.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі