Женевада Байден мен Путин кездеседі: Батыс пен Ресей арасында жылымық пайда бола ма?

Владимир Путин мен Джо Байден кездесуі сәрсенбі, яғни бүгін Астана уақытымен сағат 16:25-те  Женевада өтеді. Екі ел көшбасшысының кездесу орны мен уақытын АҚШ Президентінің әкімшілігі таңдаған еді. Кездесу кестесі туралы кеше түнде ғана белгілі болды. ТАСС ақпарат агенттігінің хабарлауынша, президенттер Ресей-АҚШ саммиті аясында екіжақты келіссөздер жүргізеді. Ал екі жақтың делегациялары кеңейтілген отырысты Нұр-Сұлтан уақытымен кешкі сағат 18:55-те бастайды. Жиынға БАҚ өкілдері қатыстырылмайды. 

 
Протокол бойынша Джо Байден Путинмен кездесуден шыққан соң, арнайы баспасөз мәслихатына қатысады. Бірақ оның нақты уақыты белгісіз. Оған дейін БАҚ өкілдерінің сұрақтарына Владимир Путин жауап береді деп күтіліп отыр. Ал Байден кездесу өтетін жерге көршілес орналасқан Eaux-Vives саябағында баспасөз өкілдерімен кездеседі, деп хабарлады АҚШ Президенті әкімшілігінің өкілі. Одан кейін Ақ үй қожайыны өз ұшағымен АҚШ-қа аттанып кетеді. 

Байденді XVIII ғасырда салынған Ла-Гранж вилласында Швейцария президенті Ги Пармелен күтіп алады. Бұдан бұрын АҚШ тарапы кездесуге бірінші болып Владимир Путин келеді деп хабарлады. Яғни Астана уақытымен сағат 16:00-де Ресей президенті келіп, өз әріптесін 25 минут күте тұрады. Сағат 16:25-те Байден, Путин және Ги Пармелен үшеуі бірге фотосуретке түседі. Тараптар түскі асқа кірмей, бірден саммитке қатысады. 

Кездесу төрт-бес сағатқа жоспарланған. Дегенмен одан да ұзаққа созылуы мүмкін. Оның арасында Джо Байден мен Владимир Путин екеуара отырып әңгімелеседі. Бұл кездесуге екі елдің сыртқы саясат бойынша жетекшілері Сергей Лавров пен Энтони Блинкен қатысады. Одан бөлек аудармашылар болады. Ал кеңейтілген отырысқа тараптардан бес-бестен лауазымды тұлғалар қатысады. 

Женевада 16 маусымда АҚШ-Ресей саммитін өткізу бастамасын Америка тарапы ұсынған еді. Кремль бұған дейін бұл жиында Путин мен Байден екіжақты проблемалар, оның ішінде стратегиялық даму, халықаралық күн тәртібінде тұрған саяси және экономикалық мәселелер, пандемиямен күрес және аймақтық қақтығыстар жайындағы жалпылама сұрақтар бойынша пікір алмасады деп мәлімдеді. Бұл АҚШ-тың жаңа президенті Джо Байденнің билікке келгеннен кейінгі Путинмен алғашқы жүздесуі болмақ. 

Бұған дейін тараптар БАҚ беттерінде бір-біріне қатысты пікірлер айтты. Кездесудің форматы мен талқылануы мүмкін тақырыптарға қатысты ойларын білдірді. Тіпті бір-бірін мақтап, кейде ілікпе сөздер де айтып қалды. Байден Ресей мен АҚШ арасында әріптестікті жоғарғы деңгейге шығаруға барлық әлеует жетеді, бірақ аттап кетуге болмайтын бір «қызыл сызық» барын естен шығармау керек. Дәл осыны мен ресейлік әріптесіме жеткізім келеді деді. 

«Мен президент Путинге тығыз әріптестік орнататын бірнеше сала барын меңзейтін боламын. Әрине ол бұл жолды таңдаса жақсы. Егер одан бас тартып, бұған дейінгі қадамын жалғастыра берсе, біз оған тиісті жауап қататын боламыз. Путин мен үшін лайықты қарсылас. Мен оны бұдан бұрын да кездестіргенмін. Ол ақылды әрі қатал адам»,- деді Байден.
Ал саммит қарсаңында Ресей президенті Владимир Путин cоңғы 3 жылда алғашқы рет америкалық NBC News телеарнасының журналисі Кейр Симмонске бір жарым сағаттық сұхбат берді. Сұхбат барысында Ресей басшысы екі ел арасындағы қарым-қатынас, АҚШ президенті Джо Байденмен Женева қаласында өтетін кездесу, әлемдік геосаясаттағы қазіргі ахуал сияқты бірқатар мәселе жайында ойымен бөлісті. 

Навальныйдың түрмеден тірі шығатынына қаншалықты кепілдік бере алатынын Путиннен сұраған тілші, оппозиционерді босату не босатпау президенттің емес, соттың құзырында екендігі жайлы жауап алды. Навальныйдың есімін айтпайтын Путин «сіз айтқан азаматқа қатысты, ол бас бостандығынан айрылған басқа да адамдар сияқты тең жағдайда жазасын өтейді» деп жауап қайырды.

Путиннің айтуынша, Байден экс-президент Дональд Трампқа қарағанда мүлдем басқа және нағыз кәсіби маман. Олай деуінің себебі, Байденнің Сенатта 40 жылдық және вице-президент ретіндегі тәжірибесі бар.  

«Ол кісі мүлдем басқа адам және оның артықшылығы да, кемшілігі де бар. Бірақ қазіргі президент тарапынан қандай да бір нықты іс-қимыл болады деп ойламаймын. Бұрынғы президент Дональд Трамп ерекше тұлға, талантты адам деп ойлаймын, әйтпесе ол АҚШ президенті болып сайланбас еді», - деді Путин.

Azattyq Rýhy тілшісі Байден мен Путин  кезесуінен соң Батыс пен Ресей арасында "жылымық" пайда бола ма? Әлемдік геосаясаттағы ахуал өзгере ме? Тараптар не ұтады деген сұрақтарды қазақстандық сарапшыларға қойды. 

Алматыдағы Саясатты зерттеу орталығының жетекшісі Айдар Әміребаев Байден мен Путин кездесуі Кеңес уақыты кезіндегі қырғиқабақ кезеңінен бергі қарым-қатынасқа бір жылымық әкелуі мүмкін деп сенеді. Егер тараптар өзара тіл табысса, әлемдік геосаяси ойындарға жаңа ережелер енеді. Бұл оптимистік көзқарасқа жетелейді, дейді саясаттанушы. 

Фотода Айдар Әміребаев

«Жалпы осы геосаяси өзгерістер көптен бері күтіліп жүр. Ол барлығымызға мәлім. Дүниежүзінде түрлі қақтығыстар мен түсініспеушіліктер болып жатыр. Санкциялық режимдер, мемлекеттер бір-бірін түсініспей жатыр. Жүйелі түрде бір келісімге келе алмай отырғанын бәріміз көріп отырмыз. Енді осы екі алпауыт мемлекеттің басшыларының өзара кездесіп, келісімге келмесе де, осындай проблеманың барына назар аударуы қуантатын жағдай. Ол оптимистік көзқарасқа себеп болып отыр. Негізі қырғиқабақ соғыс уақытында да Горбачев пен Рейган осындай кездесу өткізіп, бір жылымық пайда болған. Байден мен Путиннің де кездесуі осындай қадам деп түсінемін»,- дейді сарапшы.
Айдар Әміребаев Ресейдің істеп отырған қылықтары, кейбір қадамдары миға қонымсыз. Ол Батысқа қарсы өзге елдерді айдап салуды ұйымдастырып жатыр. "Жақында ғана Путин ЕАЭО елдерін біріктіріп Еуропа елдеріне санкция енгіземіз деген идеясын тықпалады. Бұл бізге керек емес. Қазақстан Абылай хан салып кеткен көпвекторлы саясатты ұстанатынын білдірді" дейді саясаттанушы.  

«Жалпы осы екі алпауыт мемлекет қалай кездеседі, өзара не дейді, интонациялары қандай болады? Оның мән-маңызы бөлек әңгіме. Оны айтпай-ақ қояйық. Бірақ біз үшін осы екі президенттің бір үстел басына отыруы болашаққа, сыртқы саясаттағы бағытымызды айқындауға берілген бір белгі. Біз дербестігімізді сақтап қалу үшін саясатты қалай жүргізу керекпіз, деген сұрақ күн тәртібінде тұр.

Бірақ АҚШ қазір жаңа саясатқа бетбұрыс жасап жатыр. Байден билікке келгелі бері саясатты жұмсартып, жауласқан мемлекеттермен қарым-қатынасты жақсартуға талпыныс танытып отыр. Мысалы Трамп керісінш, қатаң саясат ұстанып, ірі ойыншылар Қытай мен Ресейді барынша өзіне қарсы қойды. Байден осыны жібіткісі келетін сыңай танытып, Путинді өзі кездесуге шақырды»,- дейді А. Әміребаев.
Ришат Асқарбекұлы, Алматы 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста