Жемқорлық қайырымдылыққа дейін жеткен бе?

Қазақстан баспасөз клубында «Қазақстандағы қайырымды­лық» IV халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның жұмысына өтініштер қабылдау­дың басталуына арналған баспасөз мәжілісі болып өтті.
Мемлекеттің едәуір қолдауына қара­мастан, әлеуметтік мәселелердің басым бөлігі жалпы қайырымдылық мәдениетінің деңгейі жоғары болғанда ғана шешімін таба алады. Еліміздің әлеуметтік әл-ауқатының жақсаруына бизнес те өз үлесін қосуда. Ұжымдық әлеуметтік жауапкерші­лік дегеніміз не және қазақстандық бизнес қайырымдылық шараларына қаншалықты қызығушылық танытуда? Осы және басқа да сауалдар баспасөз мәжілісі барысында талқыланады. Айта кетейік, алда өтетін конференцияны «Бауыржан» қайырымды­лық қоры және «Алтын қыран» халықара­лық қоры ұйымдастырып отыр.
Жұлдыз ОМАРБЕКОВА, «Бауыржан» қайырымдылық қорының президенті:
– Қазір біздің кәсіпкерлер неге қа­йы­рымдылық шараларымен айналыс­пайды? Біз бұл туралы әлеуметтік сауал­нама жүргізгенімізде көбі құпия түрде көмек беретіндерін айтуда. Мұны құпия ұстайтындай соншалықты мем­лекеттік құпия ма? Оның үстіне, бү­гінде барлық облыстық және қалалық әкім­діктердің ішінде түрлі қайырымдылық қорлары бар. Бірақ олардың миссиясы біреу-ақ, тек – қайырымдылық үшін кәсіпкерлер­ден ақша жинау. Олар әр компанияға кемінде 1 миллион теңге беруге үгіт­тейді. Оны сол аймақтың дамуы үшін жұмсайтындықтарын тілге тиек етеді. Дегенмен біз бұл қаражаттың қайда кеткенін білгіміз келеді. Өкінішке қарай, жергілікті әкімдіктер бізге есеп бермей­ді. Менің ойымша, сыбайлас жемқор­лық қайырымдылық шарасын өткізуге дейін жеткен. Сонымен қатар бізде көптеген ірі ұлттық компаниялар бар. Өткенде бір кәсіпорынға барып демеу­шілік көрсетуін өтінгенімізде, олар «біз­дің қайырымдылық шарасын өткізуге арналған ұжымдық стратегия­мыз жоқ, сондықтан сіздерге демеуші бола ал­маймыз» дейді. Енді осындай ірі ұлттық компаниялардың қайырым­дылыққа арналған стратегиялы жос­пар­лары жоқ болса, онда басқалары туралы не айтуға болады? Сондықтан халықаралық стан­дарт бойынша, әр компанияның қайы­рымдылық шарасы­на қатысты жоспар­лы стратегиясы болуы қажет.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста