Жеке сот орындаушыларына жүгіну тиімдірек

Ағымдағы жылдан бастап Қазақстанда жеке сот орындаушылары кең көлемде дамуға қадам жасады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылдың 5 мамырындағы кеңейтілген отырысында мемлекет басшысымен ұсынылған бес институционалды реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадамның іс жүзіндегі аспектілері қаралғанда Президент атап өткен. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «100 нақты қадам» бағдарламалық құжатының 27 тармағында СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТІНІҢ БІРТІНДЕП ҚЫСҚАРУЫ және жеке сот орындаушылары институтының әріқарай дамуы туралы нақты атап көрсеткен. Барлық азаматтарға қазіргі уақытта мемлекеттік сот орындаушыларының жүктемесі аса үлкен екені белгілі. Осыған байланысты мемлекет басшысымен белгіленген жаңа үлгі 2016 жылдан бастап жеке сот орындаушылары институтының кеңінен дамуын қарастырады. Бұл сот әділдігін жүзеге асыруға халықтың қолжетімділігін ұлғайтуға мүмкіндік беріп, сот орындаушылары қызметінің нәтижелігін жаңа деңгейге қояды.
Жеке сот орындаушысының мемлекеттік сот орындаушысынан негізгі ерекшелігі «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» заңының 138 бабының 1 тармағына сәйкес жеке сот орындаушыларымен тараптардың бірі мемлекет болып табылатын атқару құжатын қабылдай алмайтыны болып табылады. Барлық қалған атқару құжаттары жеке сот орындаушыларымен шектеусіз қабылданатын болады.
Артықшылығы сол енді азаматтар барлық дерлік сонымен қатар алимент, жалақы т.б. әлеуметтік-маңызды санаттағы атқару құжаттарын жеке сот орындаушыларына тапсыра алады. Алимент бойынша атқару өндірістерін жеке сот орындаушыларына тапсыру тегін түрде жүргізіледі.
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» заңымен мемлекеттік және жеке сот орындаушыларына да олғарға жүктелген міндеттер мен лауазымды өкілеттіліктерді орындамау немесе тиісті түрде орындамағаны үшін жауапкершілік анықталған. Аталған жағдайда сот орындаушысы әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік те болуы мүмкін.
Жеке сот орындаушысының мемлекеттік сот орындаушыларынан тағы бір ерекшелейтін жауапкершілігі оған жүктелген лауазымдық өкілеттіліктер мен міндеттерді орындамау немесе тиісті түрде орындамаумен қатар, Қазақстан Республикасының заңнамасына қарама-қайшы келетін атқару әрекеттерін жасау салдарынан туындаған шығындарды атқару өндірісінің қатысушылары мен басқа тұлғаларға өтеуге міндетті. Осылайша жеке сот орындаушысы қызметін айтарлықтай ерекшелейтін белгісі өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру келісімшартының міндетті түрде болуы болып табылады. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» заңының 146 бабының 1 тармағымен жеке сот орындаушысы шарты тараптардың келісімімен анықталатын өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру келісімшарты болмаса, өз қызметін жүзеге асыруға құқығы жоқ екені анықталған.
Жеке сот орындаушысы егер өндіру сомасы оның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру келісімшарты бойынша сақтандыру сомасы мөлшерінен асып кетсе, атқару әрекетін жасауға құқығы жоқ. Ал мемлекеттік сот орындаушысына қандай да бір сақтандыру келісімшартының мүлде қажеті жоқ.
Сонымен «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» заңның 146 бабының 3 тармағына сәйкес егер келтірілген залал мөлшері жеке сот орындаушысының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін жеке сақтандыру келісімшарты бойынша сақтандыру төлемі мөлшерінен асып кетсе, төлем жеке сот орындаушыларының азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандырудың ортақ келісімшарты бойынша жүргізіледі. Егер келтірілген залал мөлшері Қазақстан Республикасы жеке сот орындаушыларының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырудың ортақ келісімшарты бойынша сақтандыру төлемі мөлшерінен асып кетсе, жеке сот орындаушысы оларға келтірілген залал үшін оған жеке тиесілі мүлік немесе ақшамен жауап береді.
Осылайша, заң шығарушымен оған жүктелген лауазымдық өкілеттіктер мен міндеттердің орындалмауы немесе тиісті түрде орындалмауы салдарынан келтірілген залал үшін әрбір жеке сот орындаушысының жеке мүліктік жауапкершілігі қарастырылған.
Жеке сот орындаушысының қызметіндегі айтарлықтай маңызды сәт оның қызметінің төлемі болып табылады.
Сонымен «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» заңының 138 бабының 2 тармағына сәйкес атқару әрекеттері жеке сот орындаушыларымен тегін негізде жүргізіледі.
Аталған заңның 118 бабына сәйкес жеке сот орындаушысы қызметін төлеу сомасы өндіру сомасына байланысты 3-25 пайыз мөлшерінде анықталады. Аталған сома тек атқару құжатын толық немесе ішінара орындалғаннан кейін ғана төленеді. Егер ақша сипатындағы атқару құжаты тек ішінара ғана орындалса, онда жеке сот орындаушысы өндірірлген сомаңға тепе-тең сыйақы бөлігін ғана өндіреді.
Осылайша қолданыстағы заңнама ережелерінен жеке сот орындаушысының қызметі атқару құжатын барынша жылдам, толық әрі тиімді орындауға бағытталған деп сеніммен айтуға болады.


Бақытжан Өмірзақов,
Ақмола облысы әділет департаменті
басшысының орынбасары
Қазақстан заңгерлері одағының мүшесі
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста