Жастар ВИЧ пен СПИД науқастарын шеттетпеуді қолдайды

Алматыдағы Орталық Азия техникалық экономикалық колледжінде «ВИЧ инфекциясы бар адамдарға төзімділікті қалыптастырудағы еріктілердің рөлі» атты дөңгелек үстел өтті. Шара – «Болашақ – сенің таңдауың» деп аталатын жобаның шешуші кезеңі.
Жастар арасында қауіпті дертке шал­дық­қандарға оң көзқарасты қалыптасты­руды көздейтін кешенді істі «Білім – Орта­лық Азия»  орталығы мен «Шеврон» ком­­па­­ния­сы қолға алған. Дөңгелек үстелге оқу орны­ның студенттері мен еріктілер, режиссер Рубен Казарян, сондай-ақ ВИЧ-ті жұқтырған Борис есімді ер адам қатысты. Ғасыр індетіне абайсызда душар болған адамдардың өмірі жайлы фильмдер түсірген режиссер қоғам­ды ВИЧ пен СПИД жұқтырғандарды шеттет­пеуге шақырады. Оның стигма мәселесіне арналған «С ли­цом и без лица. Прикоснове­ние» аталатын жаңа туындысы қазанның 18-і күні сағат 15.00-де БҰҰ-ның Алматы қа­ла­сындағы ғимаратында тұңғыш рет көр­се­тіледі. «Болашақ – сенің таңдауың» жоба­сы биыл мамыр айында Алматы қаласынан жеті колледжді қатыстырып акция өткізді. Сту­денттер ВИЧ-пен өмір сүріп жатқандарға төзімділік танытуға үндейтін өздері түсір­ген фильмді жастардың назарына ұсынып, осы ауруды қоғам болып ауыздықтауға шақыр­ған сахналық көріністер ұйымдас­тыр­ған болатын. «Шеврон» компаниясы­ның өкіл­де­рі мұндай шараларды әлі де ұйымдастыра беретінін айтып отыр.
Лейла АЙТМҰХАНОВА, «Шеврон» компаниясының өкілі:
– «Шеврон» әрдайым халықпен бір­г­е. Біз кез келген қоғамдық мәселеге ат­салысып, бар күшімізді арнаймыз. «Бо­лашақ – сенің таңдауың» деп атала­тын бұл шара тек біреуі ғана. Мұндай тақырыпты қозғап отырған себебіміз ВИЧ-пен ауыратын адамдарды қоғам­да шеттетіп, оларға ешкім көңіл бөл­мей­ді. Бірақ олар да адам емес пе? Кеше ғана Шымкентте екі баланы мек­тептен қуды. Әділдік қайда? Бейкүнә балалардың қандай кінәсі бар? Біз кері көзқарастардан аулақ болуымыз қажет.

Борис:
–  Өмірде бұдан да сорақы жағдайлар болады. Мысалы, үйсіз қаңғырып жүр­гендер бар, біреулер қиындыққа төз­бес­тен, өз-өздеріне қол жұмсайды, тағы сол сияқтылар. ВИЧ-ті жұқтырсақ, ол да тағдыр шығар. Бірақ қоғам мұн­дай адамдарды сыртқа теппесе екен. Бір күні «ВИЧ таратып жүрген сен сияқ­тыларды алаңға тізіп, атып тастау ке­рек» дегенді естідім. Жүрегімнің қалай ауырғанын білсеңіздер ғой...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста