Жапонияның бұрынғы премьер-министрінің өліміне қатысты іс прокуратураға жіберілді

Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэні өлтірді деп айыпталған 42 жастағы Тецуи Ямагамидің ісі қосымша күдікпен прокуратураға жіберілді. Бұл туралы Kyodo хабарлады.

 
Құқық қорғау органдары атыс және суық (пышақ) қаруды бақылау туралы заңның бұзылғанын анықтауы керек. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, күдіктінің пәтерінде табылған қолдан жасалған тапаншалар жеке пайдалануға және сақтауға тыйым салынған заттардың сипаттамаларына сәйкес келеді.

Өткен жылдың 25 шілдесінде Ямагами психикалық ауруларға медициналық тексеруден өту үшін Осаканың алдын ала қамау орталығына ауыстырылды деп хабарланды.

22 шілдеде күдіктінің Нара аудандық сотының шешімімен қамауға алынғаны және оның ісін қарау қараша айының соңына дейін жалғасатыны белгілі болды. Kyodo мәліметтері бойынша, сот Ямагамидің қылмыстық жауапкершілікке тартуға болатынын не болмайтынын анықтайды. Ол үшін айыпталушы психиатриялық тексеруден өтуі керек.

Синдзо Абэге 8 шілдеде сайлау науқаны аясында Нара қаласында сөз сөйлеген кезде қастандық жасалды. 67 жастағы саясаткер оқ жарақатымен ауруханаға жатқызылды, бірақ бірнеше сағаттан кейін ол ауруханада қайтыс болды.

Тұтқындау кезінде 41 жастағы Тецуя Ямагами қарсылық көрсетпеді. Ұсталған адам өзінің әрекетін оның отбасын кедейлендірген "Бірігу шіркеуі" діни сектасы мен саясаткердің байланысына күдіктенгенімен түсіндірді.

Yomiuri газетінің хабарлауынша, бұрынғы премьер-министрді өлтірді деп айыпталған адам шабуылдың алдында хат жазып, оның ниеті туралы айтқан. Хат өзінің блогында сектаны сынаған адамға жіберілгені анықталды. Ол өзінің хатында Абені "нағыз жау" деп санамағанын жазған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста