Заңсыз сыйақы алғандар енді 3 жылға сотталуы мүмкін

Заңсыз сыйақы алғандарға қатысты қолданылатын жаза күшейеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қылмыстық кодекске осындай өзгеріс енгізуді ұсынып отыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

«Ірi мөлшерде сыйақы алумен байланысты не қорқытып алумен ұштасқан іс-әрекеттер – мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан 3 жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, 3 000 АЕК-ке (10 350 000 теңгеге) дейiн айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған Қылмыстық кодекстің жаңа редакциясында.

 

Айта кетейік, қолданыстағы заң шеңберінде мұндай әрекет жасағандарға ең қатал жаза ретінде 2 жылға соттау, осы мерзімге бас бостандығын шектеу немесе 6 млн 900 мың теңге айыппұл салу шаралары қолданылады. Сондай-ақ кінәлі деп танылған адам сот шешімімен 600 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тартылады. Енді заңсыз сыйақы алғандарға 3 жылға бас бостандығынан айыру, 10 млн теңгеден аса айыппұл салу және 3 жылға жылға бостандығын шектеу жазасы қолданылмақ.

 

Құжат 17 шілдеге дейін көпшілік талқылауда болады.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста