«Жанкешті жиһанкездік». Дос Көшім Барсакелмес аралын жиырма күнде жаяу жүріп өтпек

Белгілі қоғам қайраткері, саясаттанушы Дос Көшім Арал теңізінің ортасындағы әйгілі «Барсакелмес» аймағына жаяу сапарға аттанбақ. Ол бұл жоспарын биыл 1-20 шілде аралығында жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Саясаттанушы жас кезінде Кеңес одағының ғылыми-спорттық экспедициясының мүшесі болғанын айтады. Ол 34 жылдан бері осы арманын жүзеге асыруды ойлап келген екен. Ұзақтығы 260 шақырым шөлді жолды жаяу жүріп өту үшін ол жақында Аралға аттанбақ.   

Бұл жоспары туралы саясаттанушы Azattyq Rýhy тілшісіне берген сұхбатында айтты. Дос Көшім құпиясы көп әрі тылсым дүниеге толы аралға сапарлауда екі мақсатты көздеп отыр. Оның бірі – бойкүйез жас ұрпаққа үлгі көрсету, ал екіншісі – экстремалды туризмге назар аудару. Ол бұл сапарын «жанкешті жиһанкездік» деп атап, оған соңғы бір жылда тыңғылықты дайындалған. 

«Бұл осыдан 34 жыл бұрын ойыма келген еді. Ол кезде «Адам және шөл» деген Кеңес одағының ғылыми-спорттық экспедициясының мүшесі болатынмын. Сол уақыттан бері жалғыз өзім үлкен бір шөлді кесіп өтсем деген арманым болып еді. Сол арманымды қазір қолым босап, уақытым көп болған соң жүзеге асырайын деп отырмын. Әрине оның астарында көп мәселе бар. Бірақ негізгі мәселе - адамда романтика болуы керек. Қазір бала біткеннің бәрі телефон шұқылап, ешқайда шықпайтын бойкүйезге айналды ғой. Далаға шығу, бірдеңені бағындыру, алдына бір мақсат қою, қиыншылықпен күресу дегенді көрмейтін болдық. Мүмкін соларға бір қозғау салатын шығар деген ойым бар.

Екіншіден, Қазақстанның 80 пайызы шөл және шөлейтті жерлерден тұрады. Мысалы Эверестті бағындырады, мұхитты жалғыз қайықпен жүзіп өтті дегенді естисіздер, енді сол шөлді неге экстремалды туризмге айналдырмаймыз? Мысалы Сахарада осындай халықаралық дәстүрлі жарыс бар. Оған былтыр 5 мың адам қатысып, 250 шақырым жолды жүгіріп өтті. Ал біз Қожа Ахмет Яссауидің ескерткішіне бардық дегеннен шыға алмай қалдық»,- дейді Д. Көшім.

Қоғам қайраткері бұл сапарын «жанкешті жиһангездік» деп атап, «Барсакелмес» аралына 260 шақырым жол жүріп барып қайтуды жоспарлап отыр. Және осы аралға сапары арқылы елімізде осындай жарыстар өткізуге болатынын көрсеткісі келеді. 

Оның айтуынша, шөлдегі жарыстарды алдымен қазақстандықтар арасында бастап, сосын халықаралық деңгейге көтеруге болады. Бұл  - Аралға деген көзқарасқа да көмегін тигізеді. Арал бұрын 15-17 метр тереңдікте болса, қазір шөл болып қалды. Осыған көңіл аударғым келеді. Шындығында бұл менің жеке арман-мақсатым болғанымен, оны қоғамға пайдалы етіп өткізу жоспарымда бар, дейді саясаттанушы. 

«Шөлді туризм ретінде дағдыға айналдыру әлемде сирек құбылыс. Ол жерде қандай киім кию, қандай тамақ тұтыну, қандай жүру тәсілін қолдану керек деген мәселемен айналысуға тура келді. Біріншіден, бұл бала кезімдегі арманым болса, екіншіден экстремалдық туризмді Қазақстанда дамытуға бастамашы болғым келеді.

Бұл сапарға бір жылдан бері дайындалып жүрмін. Бұған физикалық дайындық керек. Осының бәрін компьютер алдында отырып зерттедім. Кем дегенде бір жылға жуық уақытымды арнадым. Сосын туризммен байланысты мемлекеттік органдардың ешқайсысына хабарласқан  жоқпын. Біріншіден жер жағдайын зерттеп, алдын ала көріп қайтқым келеді»,- дейді Дос Көшім.

Дос Көшім бұл жоспары туралы тиісті министрлікке немесе туризммен айналысатын салалық органдарға хабарламаған. Бірақ ол Аралдағы жергілікті әкімдікпен сөйлесіп, ақылдасып, жергілікті азаматтардан жер жағдайын сұрап, ауа райын болжап, аңдардың мәселесі бойынша ақылдасыпты. 

«Бұл - ең бірінші қауіпсіздік мәселесі. Ол жерде карта мәселесі де бар, онда 20 жыл бұрынғы жер бедері көрсетілген Гугл-карта бар екен. Бірақ ол жер өзгергенін ескеруім керек. Аралдағы және Қаратерең деген жердегі азаматтармен байланысып отырмын. Мен мұны үлкен жоба есебінде, республикалық жоба есебінде ұсынып отырған жоқпын. Бұл - біркісілік сапар.  Содан кейін ғана бір қорытынды жасауым мүмкін. 

Әуелі аман-есен барып келейін. Жолдастарыма, осы сапарға дайындалып отырғанымды білетін жандарға әзілдеймін: «Егер Барсакелместен келе алмай қалсам, онда «Барсакелмес» деген ат дұрыс екеніне дәлел бар. Егер қайтып келсем, ол атты дұрыс қоймаған екен», деп түйін жасайық деп отырмын. Десе де қалай өтетіні бір Алланың қолында, бірақ бел буып, билетімді алып қойдым. Биыл 1 шілде Аралда боламын. Ал 2 шілде старт болады»,- дейді Дос Көшім. 

"Менің жоспарым бойынша, әуелі Аралды кесіп өтемін деп ойлағанмын. Қазір ол жер су емес құм боп қалды. Барсакелмес деген жерге дейін ешқандай су жоқ екен. Ол арал емес, қазір Арал теңізі табанындағы бір жер болып қалды. Сондықтан 130 шақырым бару, 130 шақырым қайту жолы. Осы маршрут бойынша «Барсакелмес» аралына дейін барып келемін. Одан кейін Аралды оңтүстіктен солтүстікке дейін кесіп өтемін. Ол 250 шақырым. Осының барлығын 20 күнде жүріп өтемін деп отырмын", - дейді жиһанкез.   

Ришат Асқарбекұлы, Алматы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста