Жалаң ұрандарды халық қабылдамайды – сарапшы

Кандидаттар мен олардың өкілдері елді аралап, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын бастап кетті. Президент болғысы келетін үміткерлер өз бағдарламаларының маңыздылығына елді сендіруге тырысып жатыр. 21-қарашада өтетін сайлаудан жеңіп шыққан адам Қазақстанды 7 жыл басқарады. Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының сарапшысы елде болып жатқан саяси оқиғаларға қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

 
«Президенттік өкілеттіктің 7 жылдық мерзімін жалпы қолдауға болады. Себебі, 7 жыл президенттікке үміткердің сайлауалды тұғырнамасындағы міндеттерді толыққанды жүзеге асыруына жеткілікті мерзім.  Әрине ол жеке тұлғаның ел азаматтары алдындағы жауапкершілік деңгейіне, мемлекетшілдік ұстанымдарына да тікелей байланысты. 7 жыл ішінде президенттің басты мақсаттары орындалып, мемлекет дамудың жаңа сапалы сатысына көтеріледі деп сенемін», -деді ҚСЗИ сарапшысы Әсел Назарбетова.
Сарапшының сөзінше, халық осы сайлауда белсенді болу керек. Өйткені, айналамызда болып жатқан саяси ойындардың өте шиеленіскен, күрделенген кезі. Бұндай кезде сырттан саяси қысым қашанда аз болмайды. Ал мемлекетті алапауыттардың айқасына ұрындырмай, елдегі саяси-экономикалық ахуалды шиеленістірмей, тұрақтылықты сақтау үшін әккі саясаткер, білікті дипломат қана президент болу керек.   

«Барлық үміткерлердің сайлауалды бағдарламаларымен танысып үлгермедім. Дегенмен қазіргі ішкі және сыртқы факторлар әсерінен бұрынғыдай жалаң ұрандардың халық санасына қонымсыз, ондайды қабылдамайтынын көрсетіп отыр. Қазір әлемде қалыптасқан жағдай, геосаяси ахуалдың тұрақсыздығы, қауіп-қатерлердің өршу ықтималдығы жоғары. Сондықтан мемлекет басқаратын адамнан жан-жақтылықты, терең сауаттылықты, көрегенділікті, әккі саясаткерлікті, білікті дипломат болуды, ең бастысы өз халқының толық сенімінен шығуды талап етеді. Бүгінгі таңда ішкі саясат пен сыртқы саясат бір-біріне өте тығыз байланысты болғандықтан, президент әрине ішкі жағдайды бақылауда ұстап, сыртқы факторлардың ықпалын төмендетіп отыруы қажет. Ол үлкен біліктілік пен тәжірибені, халықаралық ортада беделділікті талап ететіні де сөзсіз. Бұл тұрғыдан алғанда, Қазақстан қазір өте ұтымды позицияда. Оған дәлел соңғы бірнеше айдағы елімізде өткізіліп жатқан ауқымды саммиттер, форумдар, кездесулер, халықаралық деңгейдегі іс-шаралар. Қазақстанға, оның жүргізіп отырған саясатына, халықаралық мәселелерге өз ұстанымының беріктігіне берілген жоғары баға, үлкен сенім», -деді сарапшы.  
Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты қызметкерінің пікірінше, сайлаушылардың саяси белсенділігі төмен болмайды. Өйткені елдің ертеңгі күніне және болашағына алаңдаушылығы басым, ел тағдырына бей-жай қарай алмайтын адамдар көп. Сондықтан осы жолғы сайлауға келіп, дауыс берушілердің саны халықтың шамамен 60-70 пайызын құрауы мүмкін.

«Қазіргі саяси бастама – әділетті Қазақстан құру мен үшін көңілге қонымды. Барлық азаматтарға тең мүмкіндіктер мен бірдей талаптар қою – Қазақстанды жаңа белеске шығарады деп сенемін. Біздің халқымыздың оған әлеуеті жеткілікті», - деді Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы ҚСЗИ ғылыми хатшысы.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста