Жайықтағы балықтың жаппай қырылуына кінәлілер анықталуда

Жайықтағы балықтың жаппай қырылуына кінәлілер анықталуда

Атырауда балықтың жаппай қырылуы себептерін анықтау және жиналған өлі балықтың өңірдегі базарларда сатылуына жол бермеу жөнінде ведомствоаралық комиссия отырысы өтті. Комиссияның кезекті отырысын Атырау облысы әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев өткізді, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының басшысы Данияр Баймағамбетовтың айтуынша, қазір ведомствоаралық комиссия өлген балықтың санын есептеумен айналысып жатыр.

«Балық шаруашылығы субъектілерін тарту арқылы және өкілетті органдардың бірлесе жұмыс істеуі нәтижесінде инспекторлар 4 тонна 165 кг өлі балық жинады. Балық қорына келтірілген залал 4 млн 200 мың теңге. ЖЭО қызметкерлері мен инспекторлардың Перетаска өзегінен жинаған балық көлемі 1 тонна 304 кг болды, яғни 1 млн 254 мың теңге залал келген. Балық қорына келген залал туралы анықтама қылмыстық іс материалдарына қосу үшін полиция департаментіне жолданды», - дейді Данияр Баймағамбетов.

Балық қырылуына қатысты дерек бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. Атырау облыстық экология департаменті «Атырау Су Арнасы» ЖШС-ін тексеруді аяқтады. Атырау ЖЭО тексеру тобын дайындауда. Тағы екі нысанда, бекіре балық өсіру зауыттарында тексеру жүргізіледі.

Бастысы, ведомствоаралық комиссия отырысына шақырылған қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдерін балықтың неліктен қырылғаны және су мен балықтың тазалығы мәселесі алаңдатты. Отырыста айтылғандай, балық өле бастаған уақыттан бері алынған барлық сынамалар зертханалық тексеруге бағытталған. Нақты себепті анықтау үшін уақыт керек.

«Бүгінге дейін Жайық өзенінің түрлі нүктелерінен 69 сынама алдық. Су жағдайында ешқандай ауытқушылық тіркелмегенін сенімді түрде айтамыз. «Атырау Су Арнасының» тазарту қондырғыларынан да су сынамасы алынды. Санитарлық нормадан ауытқу болған жоқ», - деді Атырау облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Амантай Жұмағалиев.

 

Жиналыста Жайық өзеніндегі және «Атырау Су Арнасы» тазарту қондырғысындағы су сапасына тұрақты түрде мониторинг жүргізу туралы ұсыныс айтылды. Бұл жұртшылықты судың қауіпсіздігі туралы ақпараттандыруға мүмкіндік береді. Ветеринарлық қызмет пен полиция өкілдері базарлардағы балық өнімдерін бақылауға рейд жүргізу бойынша жасалған жұмыстарды айтты. Бұл жұмыстар күнделікті жүруде және зертхана сынамалары сатылымдағы өнімдердің қауіпсіздігін көрсетіп отыр.

«Базардағы барлық балық өнімдері сертификатталған. Бақылау жасалады. Өлгеннен кейін жиналған балықтар сатылып жатыр деуге еш негіз жоқ.Балық аулау маусымында өндірістік кооперативтердің аулаған өнімдері. Ауланған балықтың бір бөлігі өңделеді де саудаға шығарылады, келесі бөлігі мұздатылады, сондықтан тұрғындардың балық өнімдерінің сапасына алаңдамауларына болады», -деп атап өтті Әлібек Нәутиев..

Әлібек Нәутиев сондай-ақ облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың тапсырмасымен Жайық-Каспий бассейнінің сағасын зерттеу жұмыстары жүргізілетінін айтты. Тұрғындардың Каспийдегі жағдайға алаңдауы жергілікті атқарушы биліктің бақылауында.

«Әзірге ауа-райы жағдайы теңіз бөлігін зерттеуге мүмкіндік бермей отыр. Біз бірақ Жайық өзенінің жағдайын бақылауда ұстай береміз. Балықтың қырылуын тексеру мәселесі жұртшылыққа ашық айтылатын болады. Бұрын да айтылғандай, балық өліміне қатысты екі қылмыстық іс қозғалды, онымен құқық қорғау органдары айналысып жатыр. Сотқа дейінгі тергеу-тексеру жұмыстары жүріп жатыр, сол аяқталмайынша ешкімді кінәлай алмаймыз. Көптеген сауалдарға жауап беретін осы тергеулердің аяқталуын күтеміз. Әзірге күн сайын мониторинг жүргізіп, халықты Жайық өзені су бассейнінің жағдайы туралы ақпараттандырып отырамыз. Бастысы – қазір балық өлімінің жаңа деректері тіркелген жоқ», - деп қортындылады Әлібек Нәутиев.

BAQ.KZ

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста