Халыққа сапалы қызмет – басты міндет

Заман талабына сай мемлекеттік қызметтің сапасын жақсарту және жаңа сатыға көтеру – қазіргі күннің басты міндеттерінің бірі. Осы бағытта Алматы қаласы, Жетісу ауданының «Халыққа қызмет көрсету орталығы» да көптеген жұмыстар атқарып жатыр. «Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерін алуға басымдық беріп, халықтың уақытын үнем­деп, күнделікті мыңдаған мәселелерді шешуді, кезектің болмауын және барлық қыз­меттер онлайн түрде атқаруды жүйе­лі жүзеге асырып отыр.
Бүгінгі таңда еліміздің әрбір азаматы www.egov.kz веб-порталы арқылы өтініш бере отырып, анықтамалар алып, салық және айыппұл төлей алады, некеге тұру туралы өтініш бере алады. Сон­дай-ақ портал көмегі арқылы мекенжайлық анық­тама алу, коммуналдық төлемдер жасау, зейнетақы аударымдары туралы мәлімет алу, балабақшаға кезекке тұру сияқты мемлекеттік органдарға жүгінуге байланысты қызмет түрлерін пайдалана алады. Ол үшін тіркеу процесінен өту қажет. Пайдаланушы келісімін қабылдау, жеке сәйкестендіруші нөмір (ЖСН) енгізу және пароль қажет. Бұл қызмет тізімін алу үшін адамнан электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) талап етіледі.
«Электрондық үкімет» порталында 126 интерактивті және транзакциялық қызмет түрі бар. Олардың қатарына 84 мемлекеттік қызмет пен сервис, мемлекеттік алымдардың 21 түрін, мем­лекеттік баждың 16 түрін төлеу, төрт салық төлемінің түрін және жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұл төлеу жатады.
Қосымша айта кететін жағдайдың бірі 2012 жылдан бастап салық төлеуші нөмірі (СТН-РНН) мен әлеуметтік жеке код (ӘЖК-СИК) орнына тек ЖСН жүретін болды. Қазіргі таңда ҚҚПБ бөлімінің ма­мандары және халыққа қызмет көрсету орта­лығының құжаттандыру бөлімінің қызметкерлері Алматы қаласындағы Жетісу ауданындағы мектеп оқушыларының ЖСН-ін түгендеу жұмыстарымен шұғылданып жатыр. ЖСН алмаған болса, мектепке келіп оқушылардың ата-аналарынан өтініш қабылдап, қолдарына қолхат береді ЖСН құжаттары дайын болғаннан кейін мектепке апарып, ата-аналарға тапсырамыз.
Ерлан ШҮРЕНОВ, Алматы қаласы, Жетісу ауданы РМК халыққа қызмет көрсету орталығының бөлім бастығы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста