"Вакцина салдырамын деп, комадан бірақ шықты": Маңғыстаулық келіншектің туыстары көмек сұрайды

"Вакцина салдырамын деп, комадан бірақ шықты": Маңғыстаулық келіншектің туыстары көмек сұрайды

Әлеуметтік желіде Маңғыстау облысында вакцинаның бірінші дозасын алғаннан кейін жағдайы нашарлаған келіншектің туыстары көмек сұрауда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жазбада келіншек жұмысқа қажет болғандықтан, амалсызда вакцина алғаны туралы жазылған. Автордың айтуынша келіншектің бірнеше рет дене қызуы көтеріліп, тұла бойы қалтыраған. 

 
“Менің әпкем Ержанова Қарлығаш Дәулетқызы Маңғыстау облысы Ералиево ауылынды жұмысынан талап етілгендіктен, “Sputnik V” вакцинасын салдырған болатын. 7 шілде күні вакцина салдырғанның ертесі оның дене температурасы көтерілді, жағдайы нашарлай түсті. 11-12 шілде күндері дене қызуы қайтадан көтеріледі. Өзін жаман сезінді, денесі қалтырап, дірілдей бастады”, – делінген жазбада. 

Оның сөзінше, вакцина салдырғаннан кейін қанның жұқпалы ауруы диагнозы қойылып, келіншек комада жатыр.

“12 шілдеде таңертең сағат 08.00 жедел жәрдем шақырдық. Ол кезде дене қызуы 41 градус болатын, әпкем қатты құсқаннан есін жоғалтып алды. Жедел жәрдем оны Ералиево ауылындағы емханаға жатқызды. Артынша әпкем Ақтаудағы ауруханаға жеткізілді. Бірден жансақтау бөліміне жатқызылып, сепсис, яғни, қанның жұқпалы ауруына шалдыққан деген диагноз қойды. Оның үш кішкентай баласы бар. Әпкемнің комада жатқанына 12 күн болды”, –деп жазды ол. 

Оқиғаға қатысты Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі түсініктеме берді. 

“Әйел “ГамКовидВак” вакцинасының І компонентін осы жылдың 6 шілдесінде қабылдады. Алдын ала тексергенде әйелдің ешқандай шағымдары болған жоқ. Вакцина алғаннан кейін 30 минут ішінде шағымдар байқалмады. Ертесі күні ол аздап әлсіздік байқалғанын, температураның 37,3 градусқа дейін көтерілгенін айтып шағымданды. Ол дәрігермен байланыста болды және 8 күні дәрігердің қабылдауында барған. Келесі күні, яғни 9 шілдеде циститке шағымданып, арнайы демалысқа шыққан”, – деп түсіндірді басқармадағылар. 

Қазіргі таңда келіншектің жағдайы ауыр. Ол облыстық ауруханаға жатқызылған. 

“2021 жылы 10 шілдеде күні үйінде қарбыз жеген. 1,5 сағаттан кейін, әйелдің жүрегі айнып, құсу басталды. Туыстарының айтуынша, әйел жүрек айнуына, қалтырауға шағымданған. Осы жылдың 11 шілдесінде ол кешке жедел жәрдем шақырады. Тексеру кезінде температура 37,1 градус болған. Жедел жәрдем мен жедел медициналық көмек тобы науқасты аурухананың жедел жәрдем бөліміне жеткізді. Ауруханаға жеткізілген кезде ол комада болған. Дереу санитарлық бригада шақырылып, әйел Маңғыстау облыстық ауруханасына жатқызылды. Науқастың жағдайы ауыр, тыныс алу аппаратына қосылған деп бағаланады. Қазір келіншек жансақтау бөлімінде жатыр. Тиісті ем қабылдайды”, – деп мәлімдеді денсаулық сақтау басқармасы. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста