Атырау әуежайы аумағындағы тікұшақтар қонатын үш алаңды пайдалануға тыйым салынды.
Қызметі тоқтатылған алаңдар «Евро Азия Эйр» әуе компаниясы» АҚ-ға қарайды. Атыраулық көлік прокурорларының мәліметінше, олар Үкіметтің қаулысымен бекітілген «ҚР азаматтық авиациясы аэродромдарын пайдаланудың жарамдылық нормаларының» талаптарына қайшы болып шықты. Алаңдарда асфальт жабыны бұзылған, арматуралар жалаңаштанған, жердің қиыршық тастары шығып жатыр. Соның салдарынан тікұшақтар оталғанда пайда болатын құйындану кезінде тастар мен құм бөлшектері тікұшақтың басқару жүйесіне тиюі мүмкін, бұл двигательдің істен шығуына соқтырады. Көлік прокуратурасы заңбұзушылықтар жойылмайынша алаңдарды пайдалануға тыйым салды. Еске сала кетейік, былтыр қараша айында «Евро Азия Эйр» әуе компаниясына қарасты тікұшақ Алматы облысында апатқа ұшырап, сегіз адам қайтыс болған еді.
Үш тікұшақ алаңы жабылды
Последние статьи автора