Үндістан көрмесі – Семейде

«Ертегідей Үндістан» енді Семейде. Осы аптада қалада үнді тауарларының  көрмесі ашылды. Көрме-жәрмеңке Семейдегі драма театрының фойесінде ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге келушілер Күншығыс елінен келген өнімдерді тамашалап қана қоймай, оны тиімді бағаға сатып та алып қарық болды.
Тауарлар арасында үнді елінің ұлттық киімі сариден бастап, хош иісті шайлар, таза мақтадан тігілген киімдер,  көздің жауын алар ұлттық зергерлік бұйымдары, қала берді аяқкиімдерге дейін бар. Ұйымдастырушылардың айтуынша, олар әкелген өнімдердің басым бөлігі қолдан жасалған. Көрмені тамашалаушылар тауар­лар құнының аса қымбат емес екенін айтуда. 
Асиф ХАН, ұйымдастырушы:
– Біз Семейге алғаш рет келіп отыр­мыз. Мақсатымыз – семейліктерге үнді елінің қандай екенін паш ету. Соған қо­са,  осы жәрмеңкеге келген халық өзде­рін Үндістанда жүргендей сезінсе дей­міз. Сондай сезімде болу үшін біз бары­мызды салып жатырмыз. Келушілерге ән мен жырдан шашу шашып, көңілде­рін көтеруге барынша үлес қосудамыз. Айта кетерлігі, бұл жерге еліміздің әр штаты мен түрлі компания өкілдері келді. Қазір олар  саудаларын жүргізіп жатыр. Сіздердегі халықтың біздің тауар­ларға деген қызығушылығы да, сұранысы да жоғары екен. Біз соған қатты қуаныштымыз. 

«Ертегідей Үндістан» атты бірегей көр­ме Қазақстанның ауқымды деген барлық қаласына жол тартпақ.  Ал семейліктер үнді елінен келген көрме-жәрмеңкені осы аптаның аяғына дейін тамашалай алады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста