Ұлыбритания патшайымы қазақстандық бүлдіршіннің тұсауын кесуден бас тартты
Ұлыбританияда білім алып жатқан қарағандылық студент қыз Англия патшайымы Елизавета ІІ-ні қазақтың тұсукесер рәсіміне қатысуды сұрады, деп хабарлайды NUR.KZ.
Ұлыбритания патшайымы қазақстандық бүлдіршіннің тұсауын кесуге бас тартты
Бірақ Ұлыбритания патшайымы Қазақстан тумасының тұсауын кесуден бас тартыпты.
Қарағанды тұрғыны Ғибрат Құттыбаевтың айтуынша, қызының тұсауын кесу үшін қарындасы Англия патшайымын қазақтың тұсаукесер дәстүріне қатысуды сұрапты.
Гүлнұр Масина Лондонда білім алып жүр. Ол ағасы мен жеңгесінің, сондай-ақ сіңілсі Айзеренің ағылшын еліне қонаққа келуін күтіп жүріп, Ұлыбритания патшайымына бұйымтайын білдіруді шешіпті.
"Бір қуантарлығы, патшайым қызымның тұсауын кесуге бас тартқанымен, хатты өзі жолдапты", - деп жазады Ғибрат Құттыбаев.
Сонымен қатар, ақсүйектер әулетінің өкілі Қазақстан азаматшасына бұған дейін өзіне таныс емес қазақ салт-дәстүрімен таныстырғаны үшін алғысын айтып, отбасына сәттілік тілеген.
Айта кетсек, баланың тұсауы 10 айдан 1 жасқа дейін кесіледі. Жаңа ғана тәй-тәй басып келе жатқан баланың аяғына үш түстен тұратын жіп байланады. Ақ түсті жіп тазалықты білдірсе, көк түс - денсаулық пен ұзақ ғұмырдың, қызыл байлықтың нышаны іспеттес. Кейде екі түсті - ала жіп - пайдаланылады. Бұл "біреудің ала жібін аттама" деген ырымнан шыққан салт. Сондай-ақ, кейбір өңірлерде қойдың шегі мен жасыл шөп пайдаланылады.
Әдетте тұсауды әулеттің немесе ауылдың үлкен, сыйлы әже-апалары кесіп, ақ батасын береді.