Ұлттық ұланның бас қолбасшысының орынбасары өмірден озды

Қазақстан Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының орынбасары Мұхаметқали Сатов көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы ҚР Ұлттық Ұланы баспасөз қызметі мәлім етті. Олар Сатовтың отбасына көңіл айтып, қайғыларына ортақ екенін жеткізген.

 

"Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы, Әскери және Ардагерлер кеңесі Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Сатов Мұхаметқали Құсайынұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туыстарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады", - делінген хабарламада.

Мухаметқали Сатов 1961 жылы 29 маусымда Қарағанды ​​қаласында жұмысшылар отбасында дүниеге келді.

1978 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін КСРО ІІМ Новосібір жоғары әскери командалық училищесіне оқуға түсіп, оны 1982 жылы бітірді.

2013 жылы Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша магистратурамен бітірді.

1982 жылдан 2002 жылға дейін взвод командирінен бастап әскери бөлім командиріне дейін әр түрлі лауазымдарда қызмет етті.

1999-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлер Бас қолбасшылығы Әскери кеңесінің хатшысы.

2005 жылдан бастап 2013 жылғы мамырға дейін - ішкі әскерлер бас қолбасшылығы - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлер комитетінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс бөлімінің бастығы.

2013 жылғы 25 мамырдан 2014 жылғы мамырға дейін - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлер Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары.

2014 жылғы 20 мамырдан бастап - Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының орынбасары қызметін атқарды.

 
 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста