"Ұлттық құраманың болашағы": Қазақстанда жасөспірімдердің жаңа футбол лигасы құрылды

"Ұлттық құраманың болашағы": Қазақстанда жасөспірімдердің жаңа футбол лигасы құрылды

Қазақстанда жасөспірімдер арасындағы футболды дамыту үшін әрі ұлттық құрамаға сапалы резерв дайындау мақсатында QJ League жаңа футбол лигасы құрылды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Елімізде жасөспірімдерге арналған QJ League футбол лигасы құрылды. Аталған лиганың негізгі мақсаты - ұлттық құрамаға сапалы резерв дайындау. Қазіргі уақытта Қазақстанның барлық өңірінен жаңа лигаға қатысатын футбол командалары іріктелген. Нәтижесінде 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында 12 команда жарысқа қатыспақ. Олардың ішінде: 

"Астана";
 "Жас Қыран" (Алматы); 
"Қайрат" (Алматы); 
"Қайсар" (Қызылорда);
"Каспий" (Ақтау);
"Оңтүстік" (Шымкент);
" Ордабасы "(Шымкент);
" Тараз", "Шахтер " (Қарағанды);
"Ақсу" (Павлодар облысы);
"Ақтөбе";
"Атырау".
QJ League-те 2023 жылғы маусымда апта сайын ("өз алаңында-сырт алаңда" форматында) барлығы 132 матч өткізіледі. Бұл футболшыларға кәсіби футболға бейімделуге мүмкіндік береді. Турнирге бірнеше жыл қатарынан еліміздің барлық өңірінен футбол командалары қатысады деп жоспарланып отыр.

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов бастау алған жастар лигасы Қазақстан футбол федерациясының аясында өтетінін айтты. Сонымен қатар бұл жобаның ерекшелігі – премьер-лига форматында өтуінде. 

“Жаңа лиганың мақсаты – ұлттық құрамаға сапалы резерв дайындау. Бұл – стратегиямыздың бір бөлігі болып саналатын балалар футболын дамытуға мүмкіндік беретін негізгі жоба. Осы арқылы біз дарынды балаларды дайындайтын жарыс жүйесін құрамыз. Осылайша, жастарға кәсіби футболдағы алғашқы қадамын жасауға мүмкіндік береміз”, - деді Әділет Барменқұлов.
Жастар футбол лигасын қаржыландыруды өз мойнына алған, лиганың бас серіктесі  - Freedom Holding Corp. Турнирдің барлық матчтарында қазақстандық Футбол федерациясынан біліктілігі жоғары төрешілер қатысады. QJ League төрешілердің логистикалық шығындары мен жалақысын төлейді. Сонымен қатар команда мүшелерінің билеті, жайлы қонақүй мен тамақ ақысын да лиганың бас серіктесі өз мойнына алған. 

Freedom Holding Corp бас атқарушы директоры, QJ League қамқоршылық кеңесінің төрағасы Тимур Турлов футбол лигасы жастардың футболға қызығушылығын арттыратын үлкен жоба екенін айтты. Оның сөзінше, еліміздегі нағыз таланттарды анықтауға таптырмас мүмкіндік. 

"QJ League - бұл Қазақстан футбол федерациясы және Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы бізбен тығыз ынтымақтастықта жүзеге асыратын үлкен әлеуметтік жоба. Біздің ортақ мақсатымыз - қазақстандық футболды дамыту. Елімізде футболға үлкен сұраныс бар. Біз жарысты 12 командамен бастаймыз, бірақ келесі жылы QJ лигасы елдің барлық аймағынан командаларды қамтиды. Ал екі жылдан кейін лигада бірнеше мың жас спортшы болады деп жоспарланып отыр. Футболда нәтижені бірден байқау қиын. Десе де біз соның іргетасын қалап жатырмыз. Алдағы уақытта QJ лигасының биік шыңға шығатынына сеніміміз мол”, - деді Тимур Турлов. 

ҚКФЛ және QJ League президенті Рохус Шох жаңа лига талантты жас футболшылар резервін құруға мүмкіндік беретінін атап өтті. 

"Қазақстанда көптеген дарынды балалар бар. Бірақ олар өздерін толық көрсетуге  мүмкіндіктері әрдайым бола бермейді. QJ лигасын құру арқылы жастардың дамуына мүмкіндік береміз. Балалар футболының дамуына жүйелі түрде қарау керек, әйтпесе оң нәтижеге жету қиын болады. QJ League -  қазақстандық футболдағы революция іспетті, енді біздің жас спортшылар 100% кәсіби деңгейде ұйымдастырылатын турнирге қатысады. Біз матчтарды ұйымдастырумен және таратумен ғана емес, сонымен қатар барлық процестерді цифрландырумен, жаттықтырушылар мен менеджерлерді оқытумен де айналысатын боламыз. Бұл үлкен жоба”, - деді ҚКФЛ және QJ League президенті Рохус Шох. 
Сондай-ақ  QJ League президенті жасөспірімдер арасындағы жарыстың мұндай  форматы Батыс Еуропаның көптеген елінде қолданылатынын айтты. Оның сөзінше, Германия, Испания, Англия және Италия сынды алпауыт елдерде жасөспірімдер футболы жақсы дамыған әрі нәтижелі спорт түрі. 

Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов жаңа лиганы жоғары деңгейде өткізу үшін қажетті шаралар қабылданатынын айтты. 

"Елімізде 800 мыңнан астам адам футболмен жүйелі түрде айналысады. Мемлекет басшысы халыққа жолдауында балалар және бұқаралық спортқа аса көңіл бөлу керектігін айтты. Бүгін құрылып жатқан футболдан жаңа жасөспірімдер лигасы спортшылардың бұқаралықтан кәсіби спортқа көшуіне ықпал етеді. Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан футболдан жасөспірімдер лигасын жоғары деңгейде өткізу үшін барлық қажетті шаралар қабылданатын болады", – деді Ербол Мырзабосынов. 
2025 жылы QJ лигасында ер балалар үшін алты лига (үш жас санатына  орай екі лига), сондай-ақ қыздар үшін бір лига болады деп жоспарланған. Жалпы, жарысқа 70-тен астам команда мен 3000 спортшы қатыспақ. 

Жарыс форматы екі айналымнан, яғни өз алаңында және сырт алаңда өтетін ойындардан тұрады. Жарыс маусымы сәуірден бастап қазан айына дейін жалғасады.

QJ League аясындағы алғашқы матч 22 сәуірде сағат 17:00-де "Астана Аренада" өтеді. Ал, жарыс маусымының жеңізпаз атанған футбол командасы 2024 жылғы УЕФА жастар лигасына жолдама алады. 

Айта кетейік, QJ League матчтары Qazsport, QSport және Setanta Qazaqstan телеарналарынан және жаңа лиганың ресми Youtube арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста